ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ
Семинар – «Тұрақты даму мақсаттарын білім беру бағыттарына және ғылыми жобаларға байланыстыру», «Жақсы денсаулық және әл-ауқат», «Тұрақты даму үшін серіктестік» тақырыптары аясында жүргізілді.
Негізгі мақсат – қатысушыларға Тұрақты даму мақсаттары мен бағыттарын түсіндіру. Факультет қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарын және ғылыми еңбектерін «Тұрақты даму мақсаттарына» байланыстыра отырып жазу, кілт сөздерді қолдануды көрсету.
Семинарда Медицина мен Тұрақты даму мақсаттарын байланыстыру қаншалықты маңызды екені кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, университетіміздің ішкі IP рейтингі, ғылыми жобалар мен ғылыми мақалалар, іс-шаралармен байланыстырудың маңыздылығы да сөз болды.
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) –бұл кедейлік пен кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттар.
2030 жылға дейін 17 негізгі мақсат таңдалды. Осы тұста, аталған мақсаттардың жүзеге асырылуы елді өмірдің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына және осы әлемдегі әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелерді шешуге жетелейтіні кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға ғылыми еңбектерін «Тұрақты даму мақсаттарына» байланыстыра отырып жазу, кілт сөздерін қолдану жайында ақпарат берілді.
Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 