I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ҒЫЛЫМДАРЫ КОНГРЕСІ ӨТТІ
Айтулы іс-шараға еліміз бен Түркия, Қырғызстан, Сауд Арабия, Әзірбайжан, Үндістан, Морокко, Италия, Ұлыбритания сынды тағы да басқа мемлекеттердің ғалымдары қатысты.
Конгрестің ашылу салтанатында сөз бастаған ректор Жанар Темірбекова: «Өздеріңіз білетіндей, университеттерде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу аса маңызды іс. Ал, ғылыммен айналысу өте қызықты процесс.Бір ғана ғылыми зерттеу жобасы көптеген адамның өмірін өзгерте алады. Бұл – университет миссияларының бірі.
Біз Түркістанда орналасқан, түркі әлеміне ортақ университет болғандықтан, Түркістан облысын көркейтуге бағытталған жобаларды көптеп жүзеге асыруға тиіспіз. Түркі әлемі одан әрі дамып, жаңа жобалардың пайда болуына ұйытқы болуымыз керек. Сондықтан, бүгінгідей маңызды жиында басқостық. Осы конгресті ұйымдастырушыларға ерекше алғыс айтамын!»,-деді.
Ал, ректор өкілі м.а Нажи Генч: «Бүгінгі таңдағы аса маңызды тақырыпқа айналған жасыл энергия мен қоршаған орта ғылымдарының конгресіне қош келдіңіздер! Оқу ордамызда осындай іс-шараның ұйымдастырылып, өтіп жатқаны үлкен қуаныш! Бұл жиында жасыл энергияға байланысты тың идеялар айтылып, қызу талқылау жүргізіледі деп сенемін! Конгресс жұмысына сәттілік тілеймін!»,-деді.
Келесі кезекте, онлайн байланысқа шыққан Байбурт университетінің вице-ректоры Уммигулсим Ердоған бұл жиынның ғылым алаңындағы алар орны туралы кеңінен баяндады.
Конгресс ары қарай пленарлық отырысқа ұласты.
Секцияларда «Түрік әлеміндегі тұрақты даму үшін географиялық көзқараспен жаңартылатын энергия көздерін оқыту», «Лигниттің тотығуын модельдеу және газ фазасындағы көміртек ізін есептеу», «Топырақ құнарлығын арттыру үшін көмір қалдықтары негізінде тыңайтқыштар өндірудің биотехнологиясын жасау», «Күн электр станциясының өнімділігін жобалау: жаһандық solar atlas және solarman смарт платформаларын біріктіру», «Орхидеялардың жойылып бара жатқан түрлерін сақтау мақсатында микроклондық көбейту» сияқты өзге де тың тақырыптар қозғалды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 