УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ISO 9001:2015 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ БОЙЫНША СЫРТҚЫ АУДИТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ
Аудиттің мақсаты — университеттің сапа менеджменті жүйесінің тиімділігі мен жетілу деңгейін бағалау, ISO 9001:2015 стандарты талаптарына сәйкестігін растау, сондай-ақ тұрақты даму бағытындағы жетілдіру аймақтарын анықтау. Аудит барысында қолданыстағы сапа сертификатын жаңарту жоспарланған.
Ашылу жиналысына университет ректоры Ж.Темірбекова, ректор өкілі Нажи Генч, ғылым және стратегиялық даму жөніндегі вице-ректор А.Ошибаева, академиялық мәселелер жөніндегі вице-ректор Э.Идрисова, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректор Е.Төлегенов, құрылымдық бөлім басшылары, департамент және ҒЗИ директорлары, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері қатысты.
Университет ректоры Анкара қаласынан келген Түрік стандарттар институтының (TSE) өкілдері — бас аудитор мырза Решит Языджыоғлу мен д-р Зюльфие Дағлыны ресми түрде таныстырып, олардың сапар мақсатына тоқталды.
Өз сөзінде мырза Решит Языджыоғлу алдағы төрт күн бойы университеттің академиялық, әкімшілік және көмекші құрылымдарының қызметін кешенді түрде талдау жоспарланғанын атап өтті. Аудит барысында сапа мәдениеті, сапа саясаты мен мақсаттары, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқару, түзетуші іс-шаралар және жетілдіру бағытындағы жұмыстар егжей-тегжейлі қаралады.
Сондай-ақ ол университеттің соңғы жылдары даму қарқынының оң бағытта екенін атап өтіп, жүргізілетін аудит нәтижелері білім ордасының халықаралық аренадағы орны мен беделін нығайтуға ықпал етеді деген сенім білдірді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 