ТМҰ ЕЛДЕРІНІҢ САЙЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АЛЛЕЯСЫ – ТАТУЛЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ
Іс-шараға ТМҰ мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және ТМҰ бақылаушы мемлекет – Мажарстанның орталық сайлау органдарының, сондай-ақ 4 беделді халықаралық ұйым – ТМҰ, Сайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығы (A-WEB), Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА), Түркі академиясының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ ТМҰ елдерінің ғалымдары, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшелері, облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.
Айтулы басқосуда ағаш егу ісі түркі мемлекеттерінің өзара ынтымақтастығы мен тамыры тереңдеген татулығын бекіте түскендей. Жиналған қауым киелі Түркістан жерінде, күллі түркі жұртының бабасы болған Қожа Ахмет Ясауи атындағы оқу орда топырағында ағаш егіп, игі іс жасады. Әрі рухани астанада қалдырған естеліктері болды. Қонақтар, болашақта жас шыбық қатайып, мәуелі бәйтерекке айнала түскеніндей, ұлттар татулығы да жайқалып, көктей берсін деген игі тілектерін жеткізді.
Айта кетейік, жаңа аллеяға ағаш еккендер қатарында: Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров, Түркі Мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, Әзірбайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Мазахир Панахов, Қырғыз Республикасының сайлау және референдум өткізу жөніндегі Орталық комиссиясының Төрағасы Тынчтык Шайназаров, Түрік Республикасын Жоғары сайлау кеңесінің Төрағасы Ахмет Йенер, Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Зайниддин Низамходжаев және өзге де мемлекет және қоғам қайраткерлері бар.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 