ТЕАТР ТАРЛАНДАРЫ УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНЕ ШЕБЕРЛІК САҒАТТАРЫН ӨТКІЗДІ
Театр ұжымының арнайы гастрольдік сапары аясында, университетке «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жандарбек Садырбаев пен Мейрамбек Тағанов арнайы келіп, студенттермен ашық сұхбат өткізді. Театр өнерінің мәні, сахна мәдениеті, шығармашылық жолдағы қызықты сәттер мен қиындықтар, сондай-ақ тұлғалық қалыптасу туралы терең әңгімелер өрбіді. Қос актер студент жастардың сауалдарына шынайы әрі әсерлі жауаптар беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, театр және кино актрисасы Шынар Асқарова мен актер Шерхан Пірназаровтың қатысуымен өткен шеберлік сағаты да студенттер үшін ерекше әсерлі болды. Олар сахна шындығы, кейіпкермен жұмыс істеу әдістері, актерлік өнердің қыр-сыры және шабыт көздері жөнінде кеңінен әңгімеледі.
Театр және кино саласында танымал Жанаргүл Жаныаманова мен Нұрғиса Қуанышбайұлы студенттермен және оқытушылармен жүздесіп, актерлік шеберлік пен сахнадағы тәжірибелерін бөлісті. Кездесу барысында қатысушылар кәсіби мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Бұл сәт жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыра түсті.
Іс-шара барысында жаңадан құрылған Өнер, медиа және дизайн факультетінің білім беру бағдарламалары таныстырылып, талапкерлерге оқуға түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 