УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ФАТИМА ЖАҚЫПОВА КЕЛДІ
Министр кеңесшісімен өткен кездесуге вице-ректорлар және факультет декандары мен ҒЗИ директорлары, кафедра меңгерушілері қатысты.
Жиында сөз бастаған Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова: «Бүгін ортамызда жоғары білім мен ғылым саласында болып жатқан трансформациялар мен білім сапасын арттыру сынды маңызды тақырыптар аясында жұмыс істеп жүрген Фатима Жақыпова отыр. Осы тұста, аталған мәселелер бойынша бағыт-бағдар алу мақсатында сіздермен арнайы кездесу ұйымдастырдық»,-деді.
Ең алдымен, Фатима Жақыпова Түркістан облысына іс-сапармен келудегі мақсаты туралы баяндады. Сондай-ақ, «Құрметті әріптестер, киелі Түркістанға келіп, сіздермен кездескеніме қуаныштымын! Біз Ясауи университетін жақсы танимыз. Қарқынды дамып келе жатқан, тарихы тереңге бойлаған оқу орда деп білемін.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда 20 жоғары оқу орны «Академиялық артықшылық орталығы» ретінде даму үстінде. Ал, Ясауи университеті осы тізімдегі алғашқы 6 жоғары оқу орынның қатарына енді. Бұл оқу орда барлық мүмкіндікке ие. Адами капиталының деңгейі өте жоғары»,-деді.
Келесі кезекте, «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жаңа тәсілдері мен нысандары» тақырыбында баяндама оқыды.
Баяндама барысында қазіргі таңдағы жоғары оқу орындарының білім беру сапасы, халықаралық ЖОО-ның білім ареналары, студенттердің білім сапасы мен жұмысқа орналасу көрсеткіштерінен бастап, ғылым жолында тың еңбек етіп жүрген оқытушы-профессорларға ұсынылар мүмкіндіктер туралы тарқата айтты.
Жиын соңында қатысушылар маңызды ақпараттармен бөлісіп, серпін берген Фатима Жақыповаға алғыстарын айтты.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 