БІЛІКТІ ТЕОЛОГТАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Университетіміз бен Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өзара ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – Теология факультетінің бітіруші түлектерін Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелерінде сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыру, мекемелерде ұсталатын сотталғандармен теологиялық, оңалту жұмыстарын ұйымдастыру үшін тұрақты жұмысқа тарту.
Аталмыш келісім шартқа Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті атынан полиция майорлары Альбина Исахатова мен Балнур Абжетова және университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова қол қойды.
Меморандум аясында жас теолог-мамандарды ынталандыру, Атырау облысы бойынша ҚАЖ ведомстволық мекемелеріне жұмысқа түскен теолог-мамандардың біліктілігін арттыру курстарында оқытуды жүзеге асыру сияқты т.б маңызды мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында тараптар игі бастаманың бітіруші түлектертер үшін мол мүмкіндіктер ұсынатынына сенім білдірді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 