ЖОҒАРЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН №1 ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Іс-шараға университет басшылығы, құрылымдық бөлім басшылары мен ғалымдар, Түркістан облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өкілдері де қатысты.
Кеңестің басты мақсаты – университеттің ғылыми әлеуетін көтеру, ғылыми әдістемелерді өндіріске бейімдеу және зияткерлік меншік нысандары мен ғылыми әзірлемелерді тиімді коммерцияландыру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру, ғылым мен өндіріс, бизнес құрылымдары арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту. Сонымен қатар, өндірістік кәсіпорындармен тұрақты әріптестік орнату, мемлекеттік гранттар негізінде қаржыландырылған ғылыми жобалардың орындалу барысын тұрақты бақылау.
Отырыста күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Кеңес төрағасы, Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева Ясауи университетінің Жоғары ғылыми-техникалық кеңес құрамын және оның орындайтын қызметімен таныстырды. Ал, Кеңес мүшелері Хайрулла Масадиков пен Азат Исаков Қазақстан Республикасының өңірлік ғылымды дамыту саясаты бойынша және Түркістан облысы әкімдігі жанынан құрылған Өңірлік ғылыми кеңестің қарауына ұсынылатын жобалар тізімін келісу туралы айтты.
Сондай-ақ, Коммерцияландыру офисінің директоры Азат Исаков Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒҒТҚН) коммерцияландыру барысында кездесетін негізгі проблемалар мен шешу жолдарын талқылау және гранттық қаржыландыруға ұсынылатын ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын келісу жөнінде кеңінен баяндады. Отырыста Халықаралық деңгейдегі гранттық қаржыландыру тетіктерін және қаржыландыруға ұсынылатын жобаларды талқылау жүрді.
Жиын соңында оқу ордамыз бен Түркістан облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының арасында өзара тиімді серіктестік орнатып, ғылыми әлеует пен бизнес және өндірістік секторды байланыстыру мақсатында меморандум түзілді. Аталмыш келісімге ректор Жанар Темірбекова мен Түркістан облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев қол қойды.
Тараптар алдағы уақытта Университеттің ғалымдары мен кәсіпкерлерді біріктіретін бизнес-клуб құру, Ғалымдар мен жас ғалымдардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған «Кәсіпкерлік мектебі» бағдарламасын енгізу, Өңірлік кәсіпорындар мен университеттің ғылыми әлеуетін тоғыстырып, ғылыми жобаларды коммерцияландыруға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу сынды өзге де маңызды істерді біріге атқаруға келісті.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 