ОҚУ ОРДАМЫЗҒА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТЫ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ КЕЛДІ
Оқу ордамыздың ректоры Жанар Темірбекова депутат Асхат Аймағанбетовті күтіп алып, университетіміздің Клиника-диагностикалық орталығының негізгі қызметтері мен жетістіктері жайлы баяндап, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған жоспарлары туралы айтты.
Кездесуге университет басшылығы, Клиника-диагностикалық орталықтың қызметкерлері және Түркістан облысының ең маңызды ауруханаларының бас дәрігерлері қатысты.
Депутат Асхат Аймағамбетов кездесу барысында медициналық білімді реформалау туралы ұсыныстар бар екенін, күзде жаңа заң жобасы дайындалатынын мәлімдеді. Бұл медициналық білім беретін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті үшін маңызды қадам болатыны айтылды.
Кездесуді «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева ашып, модератор болды.
Жиын барысында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Түркістан облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов сөз сөйлеп, өңірдің медициналық ахуалы мен денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелерді ортаға салды.
Пікір алмасу форматында өткен кездесуде дәрігерлер өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, халық денсаулығы жолындағы маңызды бастамалар талқыланды. Депутат Асхат Аймағамбетов көтерілген тақырыптардың маңызды екенін, халық қалаулысы ретінде бұл мәселелерден хабардар екенін және мәселенің шешімін заңдастыру бағытында жұмыс істейтінін жеткізді.
Депутат Асхат Аймағамбетов клиника мен университеттің бастамаларына жоғары баға беріп, білім мен медицинаны ұштастыра отырып, сапалы қызмет көрсетуді жалғастыруға сәттілік тіледі.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 