УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ERASMUS+ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЕНДІ
Оқу ордамыздың Жаратылыстану ғылымдары факультетінің зерттеушілері халықаралық ERASMUS+ жобасының құрамына еніп, Еуропалық Одақтың Білім беру мен мәдениет жөніндегі орындаушы агенттігінің шешімімен үш жылдық жоба қаржыландыруға мақұлданды. «GreenCA» жобасын жүзеге асыруға жалпы 800 000 еуро бөлінді.
«Бұл жоба – тек бір университеттің жобасы емес, әлемдегі 10 жетекші жоғары оқу орнының ғалымдары бірлесіп жасаған еңбек. Оның ішінде біздің елімізден өзіміздің Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті бар. Жобаның басты мақсаты – суды тиімді басқару мәселелерін оқу үрдісіне енгізу, ғылыми зерттеу бағыттарын кеңейту», – деді университетіміздегі жоба үйлестірушісі Ғани Исаев.
Жобаның университетішілік үйлестірушілері - техника ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Ғани Исаев пен техника ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Индира Аймбетова. Олардың айтуынша, аталған ғылыми бастама аясында «Биологиялық және сабақтастық ғылымдар»білім беру бағдарламасына қалдық суларды биологиялық жолмен тазалауға арналған екі жаңа пән енгізілген. Жобаның негізгі мақсаты –су ресурстарын биологиялық жолмен тиімді пайдалану, қалдық суларды тазалау технологиясын жасау, оны оқу бағдарламаларына енгізу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру.
Жоба жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-инновациялық ынтымақтастықты дамытуға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім сапасын арттыруға, сондай-ақ халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 