РЕКТОР ЖАНАР ТЕМІРБЕКОВА ТҮРКІСТАНДАҒЫ «АСЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ» ПРЕЗИДЕНТІ АТАНДЫ
«Асық ату федерациясы» қоғамдық бірлестігінің мақсаты – ұлттық спортты насихаттап қана қоймай, халық арасында, әсіресе жастар арасында асық ату ойынын дәріптеу.
Конференцияның күн тәртібіне сай, ««Түркістан облыстық «Асық ату федерациясы» қоғамдық бірлестігінің жаңа президентін сайлау», «2025 жылдың 25 мамыр күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті мен Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясы арасында қол қойылған меморандумда көзделген мәселелерді жүзеге асыру», «2025 жылдың 7-9 қараша күндері Түркістан қаласында өтетін асық ату спортынан Азия чемпионатын ұйымдастыру мәселелері» тақырыптары қаралды. Әсіресе, чемпионатты жоғары деңгейде ұйымдастыру мен университет қабырғасында өткізу мәселелері талқыланды.
Айтулы іс-шараға Стамбул қаласынан ZOOM желісі арқылы онлайн байланыста Дүниежүзілік Этноспорт Одағының өкілдері Азер Абдурахман, Метлеб Азизли, Азизе Маден мен Джулиа Манискалко қатысты.
Жиында сөз тізгінін алған Жанар Темірбекова: «Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясы мен оқу ордамыздың арасында түзілген ынтымақтастық меморандумы аясында маңызды істер атқаратынымызға сенемін. Себебі, асық ату ойыны, одан да өзге ұлттық ойындарды дамытып, халықаралық деңгейде дәріптеу маңызы міндет деп білеміз. Ұлттық ойынды бірге дамытайық!»,-деді.
Басқосуда сонымен қатар, бірлестік мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде, «Түркістан облыстық «Асық ату федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры лауазымына Оралхан Айдарханұлы сайланды.
Кезедесу соңында Түркістан облыстық «Асық ату федерациясы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері оқу орда төрінде асық ойнап, естелікке суретке түсті.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Лингвистикалық орталығы мен Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
№1 Қыздар жатақханасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультеті оқытушы-профессорлар құрамына онкурс жариялайды
Қ.А,Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Яссы қонақ үйі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті мен Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А,Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультетіне кафедра меңгерушілер мен оқытушы-профессорлар құрамына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Яссы қонақ үйі конкурс жариялайды 