ОҚУ ОРДА ҰЖЫМЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАДЫ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Университетіміздің Өкілетті Кеңес төрағасы Мұхиттин Шимшек пен ректор Жанар Темірбекова бастаған басшылар мен студенттер дәстүрге сай Президентіміздің жолдауын тікелей эфирде тыңдады.
Президент жолдауында еліміздің қарыштап дамуы жолында жүзеге асырылуы тиіс жаңа жобалар мен бағдарламалар жөнінде айтты. Қазақстанның жасанды интеллект негізінде әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететін жаңа саяси реформаларды атады.
Ел экономикасын, әл-ауқатын арттыру мақсатында инвестиция тарту мәселелері, Өңдеу өнеркәсіптеріне жаңа серпін беру, еліміздегі су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау сынды өзге де тың тақырыптарға тоқталды. Әсіресе, еліміздің жаһан дамуынан қалмай, жасанды интеллект және цифрлық даму жүйесіне баса назар аударудың маңызын түсіндірді.
Елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар, жасанды интеллекттің жоғары білім беру саласында кеңінен пайдалану мен оны пайдаланатын оқу орындарына дербестік беру жөнінде ой қозғады.
Президент: «Еліміз білім экономикасына көшіп жатыр. Сондықтан ғылым, білім және инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстыру өте маңызды. Ғылым және жоғары білім министрлігі және Ғылым академиясы бірлесіп, ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарын үйлестіру ісімен белсенді түрде айналысуы керек. Жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге көбірек дербестік беруге болады.
Сонымен қатар Үкімет дарынды зерттеушілерді қолдау үшін қосымша шаралар қабылдауға тиіс. Білікті мамандарымызды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізу керек. Кадр тапшылығын жою үшін көші-қон саясатын да қайта қараған жөн.
Қазіргі тілмен айтсақ, «сапасы жоғары адами ресурстар» қажет.Өйткені білікті, саналы адамдар – ұлттық экономиканың арқауы, ел болашағының кепілі»,-деді.
Жолдаудан соң ректор Жанар Темірбекова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр берген тапсырмасы, елді жаңашылық пен дамуға бастайтынын атады. Осы жолда көп болып, білім-ғылым саласында ғана емес, Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде барлық салада аянбай еңбек етуге шақырды. Мемлекет басшысы тілге тиек еткен Жасанды интеллекттен бастап, болашаққа сапалы кадр даярлаудың маңызын саралады. Жоғары білім беретін мекеме ретінде жолдауда айтылған әр ой, бағыт-бағдарды орындау үлкен жауапкершілік екенін жеткізді. Ұлт дамуы мен білімді ұрпақ тәрбиелеп, мықты мамандар дайындаудың үлкен мәртебе екенін айтты.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 