XXVII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ФОРУМЫ АЯҚТАЛДЫ
Форумның екінші күнінде секциялық отырыстар өтті. Жиында профессорлар мен мамандар: Қалаларды түрлендіру жеңілдіктерінің жергілікті басқару бюджетіне әсері: заңнамалық негізде бағалау, Орта Азиядан бүгінгі күнге түрік мемлекеттік дәстүрінің үздіксіздігі және трансформациясы, Мемлекеттік басқарудағы құрылымдық түрлендіру, Көші-қон және бірегейлік контексте қалалардың болашағы, Қоғамдық басқаруда жасанды интеллектті пайдалану: Түркітілдес мемлекеттер ұйымына мүше елдердің салыстырмалы талдауы сынды т.б тақырыптар аясында баяндамалар оқыды.
Конференция соңында ғылыми ұсыныстар әзірленді. Атап айтар болсақ, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, цифрлық трансформацияны дамытуға, бюрократияны азайтуға және қоғаммен ашық диалог орнатуға бағытталған нақты ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастықты нығайту туралы шешім қабылданды.Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер және басқа да серіктес мемлекеттер арасындағы мемлекеттік басқару саласында тәжірибе алмасуды күшейту жөнінде келісімге келді. Сонымен қоса, мемлекеттік басқару саласында жаңа буын зерттеушілерін ынталандыру, ғылыми тағылымдамалар мен ортақ зерттеу жобаларын жүзеге асыруға жағдай жасау туралы маңызды шешім шығарылды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 