«ӨМІР ҮШІН ИНТЕГРАЦИЯ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТƏЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ
Басты мақсат — денсаулық сақтау саласындағы заманауи сын-қатерлерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және тәжірибеге бағытталған шешімдерді әзірлеуге арналған ашық кәсіби алаң құру.
Конференцияға халықаралық сарапшылар, Қазақстан мен ТМД елдерінің медициналық және салалық қауымдастықтарының президенттері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері, ғалымдар мен практик-дәрігерлер, магистранттар және докторанттар, студенттер қатысып жатыр.
Жиынның ашылу салтанатында Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы, оқу ордамыздың профессоры Асхан Байдуалиев, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы Алдангорова Айжан сөз сөйледі. Олар медицина саласы үшін маңызды жиынды оқу орда базасында өткізуге атсалысқан университет басшылығы мен қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Ал ректор Жанар Темірбекова: «Бүгін университетімізде өте маңызды іс-шара бастау алды. Біз – медицина бағытындағы 3 факультеті бар, 10 мың студентінің 35% - ы Медицина мамандығында оқып жатқан үлкен оқу орда ретінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Медициналық Ассоциацияның 35 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі конференция – жаңа идеялармен бөлісіп, келешекке нақты жоспар құруға жол ашатын үлкен алаң. Баршаңызға жемісті жұмыс, тың идеялар мен нәтижелі пікір алмасу тілеймін! Сіздердің әрбір ұсыныстарыңыз – ортақ мақсатымызды жүзеге асыру жолындағы маңызды үлес боларына сенімдімін»,-деді.
Сонымен қатар, ректор оқу ордамыздың медициналық білім беру, ғылым алаңдарында қол жеткізген жетістіктері мен Клиника-диагностикалық орталығының әлеуеті жайлы кең ақпарат берді. Студенттердің білікті дәрігер атануы үшін берілетін мүмкіндіктер туралы да атап өтті.
Конференция жұмысы пленарлық және секциялық отырыстарға ұласты. Білікті дәрігерлер мен мамандар: «Нейрохирургияда ғы заманауи тәсілдер: диагностикадан реабилитацияға дейін», «Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы медициналық дауларды сотқа дейін және сотта реттеу практикасы», «Денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық экожүйесі: интеграцияға қадамдар», «Денсаулық сақтаудың цифрлануының әсері және оның Қазақстандағы эпидемиология мен ауруларды бақылаудың ғылыми дәлелді зерттеуіндегі рөлі» сияқты т.б маңызды тақырыптарда баяндама оқыды.
Сонымен қатар, «Денсаулық үшін диалог» атты дөңгелек үстел өтті. Негізгі мақсат – ұлттық және салалық медициналық қауымдастықтардың ынтымақтастығын дамытуға арналған ашық диалог пен тәсілдерді үйлестірудің бірыңғай платформасын құру. Бұл бастама медицина қызметкерлері мен науқастардың құқықтарын қорғауға, кәсіби бірлікті нығайтуға және медициналық қауымдастықтың мүдделерін ұлттық және халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталды.
Айта кетейік, халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция жұмысы 20-қыркүйекке дейін жалғасады.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 