«ТАЗА ТАБИҒАТҚА БІРГЕ ҚАДАМ» АТТЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ
Экономика және басқару факультеті, «Туризм» мамандығының 3-4 курс студенттері мен оқытушылары Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне мәдени-танымдық экскурсия жасады. Студенттер игі бастаманы 27 қыркүйек – Халықаралық туризм күніне орай ұйымдастырды.
Басты мақсат – студенттердің тұрақты туризм қағидаттарын тәжірибе арқылы меңгеруіне ықпал етіп, кәсіби дағдыларын жетілдіру.
Экскурсия барысында студенттер ұлттық парктің табиғи әсемдігімен танысып қана қоймай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында ОПҚ-мен бірге парк аумағындағы қоқыстарды жинады. Осылайша білімгерлеріміз экологиялық мәдениетті насихаттауға өз үлестерін қосты.
Айтулы экскурсия студенттердің кәсіби тәжірибесін арттырумен қатар, қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты туризмді дамытудағы белсенділігін айқындады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 