«AI SYNERCY – 2025» АТТЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Басты мақсат – жасанды интеллект саласындағы ғылым мен технологияларды дамыту, сондай-ақ Қазақстанның жаһандық ғылыми-технологиялық кеңістікке интеграциясын қамтамасыз ету.
Жиында сөз бастаған ректор өкілі м.а, Инженерия факультетінің деканы Нажи Генч іс-шараны ұйымдастырған студенттер мен оқытушы-профессорларға алғыс білдірді. Жасанды интеллекттің әлемдегі маңызы туралы айтып, апталық жұмысына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, факультет деканының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жансая Калимбетова мен Компьютерлік инженерия кафедрасының меңгерушісі Ануарбек Аманов та апталықтың маңызы туралы кеңінен баяндады. Олар мұндай іс-шаралар студенттердің ғылыми ой-өрісін дамытып қана қоймай, практикалық тәжірибесін арттыруға жол ашатынын ерекше атап өтті. Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін ЖИ саласында осындай апталықтар мен іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырудың маңызы зор екенін жеткізді.
Апталық Жасанды интеллект өнімдері мен жобаларының көрмесінен бастау алды. Көрмеде студенттердің өнертабыстары қойылды. Олардың қатарында: I0T негізінде ақылды автотұрақ қақпасын дайындау, «Smart City» тақырыбы негізінде қаланың инфрақұрылымын жобалау, улы газ жөнінде дабыл беретін қорғаныс баскиімдері, күн сәулесінен энергия алатын жылыжайлар сынды өзге де тың жобалар бар.
Алдағы күндері апталық аясында ЖИ бойынша ғылыми конференциялар мен семинарлар өтеді. Онда Жасанды интеллект, машиналық оқыту, табиғи тілдерді өңдеу және т.б салалардың өзекті мәселелері мен даму перспективалары жайлы талқылау жүргізіледі. Сонымен қатар, ірі IT-компаниялар мен стартап өкілдерінің қатысуымен «Қонақ дәрістер» ұйымдастырылады. ЖИ-ді әртүрлі салаларда қолданудың этикалық, әлеуметтік және құқықтық аспектілеріне арналған пікірталас алаңдары өтеді. Сондай-ақ, студенттер хакатондар мен шеберлік сағаттары, воркшоптар арқылы өз білімдерін жетілдіреді.
Апталық нәтижесінде 1-4 курс арасында ынтымақтастықты нығайту, ЖИ алаңында бірлескен жаңа идеялар мен жобалардың жасалуы күтіледі. Жасанды интеллектке қызығушылығы жоғары студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыруды көздейді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 