РЕКТОР ӨКІЛІ НАЖИ ГЕНЧ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Биыл Кентау қаласының құрылғанына 70 жыл толды. Шаһардың мерейтойына арналған ең үлкен мерекелік шара «Ынтымақ» алаңында кең көлемде өтті. Салтанатты шараға университетіміздің өкілдері де қатысып, марапатқа ие болды.
Мерекелік күн көрмелер мен жәрмеңкеден бастау алып, театрландырылған қойылыммен жалғасты. Онда Кентаудың өткен тарихы, кеншілердің ерен еңбегі мен қаланың даму жолы көрініс тапты. Концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздармен қатар еліміздің танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, мерекенің сәнін келтірді.
Салтанатты іс-шарада Кентаудың өркендеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға арнайы марапаттар табысталды. Олардың қатарында университетіміздің ректор өкілі м.а., Инженерия факультетінің деканы Нажи Генч те бар. Ол Кентау қаласына сіңірген еңбегі үшін «Кентау қаласына – 70 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Айта кетерлігі, университетіміздің Инженерия факультеті Кентау қаласында орналасқан. Факультет ондаған жылдан бері жастарға сапалы білім беріп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді. Бүгінде факультет түлектері өндіріс, құрылыс, технология және инженерия салаларында табысты еңбек етіп, Кентаудың ғана емес, тұтас өңірдің дамуына қызмет етуде.
Бұл марапат – университетіміздің білім мен ғылым саласын дамытуға қосқан үлесінің, сондай-ақ Кентаудың өркендеуіне атсалысып жүрген ұстаздар мен студенттердің еңбегіне берілген жоғары баға.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 