КЕЗЕКТІ ІШКІ АУДИТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Ахмет Ясауи Университетінің Клиника-диагностикалық орталығында 2024 жылдың 19-20 ақпан аралығында ҚР СТ ISO 9001:2016 стандартының талаптарына сәйкес ішкі аудит өткізілді. Ішкі аудиттің мақсаты ішкі сапаны қамтамасыз ету және басқару жүйесінің талаптарына және медициналық көмектің сапасына сәйкестігін анықтау болып табылады. Аталған тексерулерді бас аудитор: риск-менеджері Кырыкбаев М.Т., аудиторлар: СРСО басшысы Кырыкбаева С.С. және жетекші-сарапшы Бакирова А.А. жүргізді.
Ішкі аудит барысында аудиторлар Клиника-диагностикалық орталығы бөлімшелерін аралап ондағы процестердің жүргізілуіне, Стратегиялық жоспардың орындалуына, Емханадағы пациенттерге арналған жағдайлар, үлестірме материалдар, тіркеу орнының жұмысы, сайттың жұмысы, өтініштерге арналған жәшіктер, ақпаратты алу хаттамалары, сапа сараптамасы, талдау, мониторинг, кері байланыс, емдеу диагностикасының хаттамаларын орындау, тәуекелдерді басқару, оқыс оқиғаларды басқару, пациенттердің құқықтары, қол жетімді орта, инфрақұрылым, тамақтану, сандез режимі, ҚИК, амбулаториялық қабылдау, диспансерлеу, скринингтер, алдын алу, ауруханаға жатқызу, емдеу, шығару, ауруханаішілік режим, пациенттердің құқықтары, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуына т.б. процестерге мән берді.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 04-05 наурыз аралығында университетіміздің «Еуразия» ғылыми-зерттеу институтында ішкі аудит өткізіледі. Қорытындысында, ішкі аудит нәтижелері талданып, барлық анықталған сәйкессіздіктер бойынша актілер толтырылып, оларды түзетуге мерзім берілетін болады.
Комплаенс-офицер, тәуекел-менеджері Кырыкбаев М.Т. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық көріністерінде маңыздылығы атап өтті. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту бойынша шаралар қабылданады және қабылданатын болады. Семинар-мәжіліске қатысушыларға мынадай ұғымдар түсіндірілді:
— сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар;
— пара алу;
— пара беру;
— пара ұғымына не кіреді;
— пара алу және беру үшін жауапкершілік.
Семинар-мәжіліс соңында пара ұсынған немесе бопсалаған жағдайда қажетті әрекеттер мен шаралар туралы айтылды.
Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығы және комплаенс-офицер, тәуекел-менеджері
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 