«ҚАЗАҚ ТІЛІ-ҒЫЛЫМ ТІЛІ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Университетімізде «Қазақ тілі-ғылым тілі: дәстүр және инновация» симпозиумының ашылу салтанаты өтті.
Пленарлық отырысқа ҚР Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының басшысы Рауан Кенжеханұлы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев және өзге де зиялы қауым өкілдері, қоғам мен мәдениет қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар мен оқытушылар, білім беру жүйесінің басшылары, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты.
Симпозиумның басты мақсаттары:
• Ғылым салаларындағы ұлттық мазмұнның сапасы мен деңгейін бағалау;
• Келешекте даму жолдары туралы ұсыныстар тұжырымдау;
• Ғылымның саяси-құқықтық мәселелерін, ұлттық мазмұнын нығайту тұрғысында қарастыру;
• Ғалымдар, ғылыми кадрлар дайындаудағы ғылым мен білім беру аралығындағы арақатынас проблемаларын талқылап, ұсыныстар енгізу;
• Ғылыми тәуелсіздік, ғылым және қазақ тілі мәселелерін жан-жақты талқылау.
Іс-шара университет ректоры Жанар Темірбекованың модераторлық етуімен өтті.
Симпозиумда алғашқы құттықтау сөз тізгінін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алып, басқосудың мән-маңызына тоқталды.
«Цифрлық әлемде дамып келе жатқан кез келген тілдің болашағы бар. Мұның себебі – жаңа технологияларды белсенді қолдану. Біздің министрліктің алдында үлкен міндет тұр, сондықтан біз симпозиумға «Қазақ тілі – ғылым тілі: дәстүрлер мен инновациялар» тақырыбын бердік. Бір жағынан, халқымыздың дәстүрлі түрде қалыптасқан тарихи, орфографиялық, орфоэпиялық мәдени мұрасын сақтап қалуымыз керек, екінші жағынан, тілімізде жаңашылдықты дамытып, алгоритмді қалыптастырмасақ, ұлттық лингвистикалық жүйеге келтірілген цифрлық форматтағы жүйелерімізді пысықтамасақ, онда, шын мәнінде де тіліміздің болашағы мүшкіл. Биыл біз «Kazakh LLM» жобасын және жасанды интеллект алгоритмдерін құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жасанды интеллект саласындағы жаһандық бәсекелестікке қатысуы тиіс деген шешім қабылдады. Біз күн сайын боттармен сөйлесеміз, сондықтан лингвистика саласында жаңа көкжиектер, жаңа тақырыптар ашыла бастады – біз барлық мүмкіндіктерді жақсы пайдалануымыз керек»,-деді министр Саясат Нұрбек.
Ал, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Дархан Қыдырәлі ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтің арнайы құттықтау хатын оқып берді.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев:
«Ғылым – елдің барлық бағытта дамуының нақты кепілі. Қазақ тілі қазақтың ғана тілі емес, барша қазақстандықтардың басын біріктіретін ұйымдастырушы тіл, ғылым мен техниканың, мемлекетті басқару мен заң тіліне де айналып келеді. Бүгінгі жиынның маңыздылығын ескеріп, тарихы терең киелі өңірдің төрінде ұйымдастырған білім ордасына алғысымызды білдіреміз»,- деді.
Пленарлық отырыста тіл мәселесін қоғам алдында көтеріп жүрген ғалымдар өзекті баяндамалар жасап, қазақ тілінің ғылым тіліне айналу мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, республикалық симпозиум ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Екі күнге созылатын басқосуда ғалымдар 6 секция бойынша баяндамалар жасап, ой-пікір алмасады.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 