ОҚУ ОРДАМЫЗДА ЕЛІМІЗДІҢ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
Мерекелік іс-шарада ең алдымен, Қазақстан мен Түркия Республикаларының әнұрандары шырқалды.
Алғашқы сөз тізгінін алған ректор Жанар Темірбекова: «Құрметті әріптестер, қымбатты қонақтар мен сүйікті студенттер! Баршаңызға Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі, қайта жаңғырған – Республика күні құтты болсын! Өздеріңіз білетіндей, 25 қазан – Республика күні ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл осы күні, 1990 жылы Мемлекеттік Егемендік туралы декларация қабылданған еді. Қазақстанның жаңа дәуірін зерттеп жүрген тарихшылар болсын, әлеуметтанушы мен саясаттанушылар бұл күнге ерекше назар аударады. Себебі, бұл құжат – еліміздің тәуелсіздікке бастар жолындағы алғашқы ең маңызды құқықтық қадам болды. Тәуелсіздігіміздің айғағы ретінде бүгінгі мерекемен шын жүректен тағы да құттықтаймын!»,-деді.
Келесі кезекте, ректор өкілі м.а Нажи Генч: «Республика күнінің маңызы зор. Себебі, Республиканың жарияланауы – тәуелсіздіктің белгісі. Барша қазақстандықтарға айтулы күн құтты болсын! Университетіміздің терең тарихына үңілсек, оқу ордамыздың ел тәуелсіздігімен қатарлас екенін байқаймыз. Осы тұста, республикамен бірге дамып, өсіп келе жатқан оқу ордамызда қазақ және түрік бауырларымызбен бірге Республика күнінде бір ортада тоғысқанымызды ерекше мәртебе санаймын! Бұл – үлкен қуаныш. Ел тәуелсіздігі мәңгі болсын деп тілеймін!»,-деді.
Университет басшылары құттықтау тілектерден соң, бірқатар оқытушы-профессорды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің төсбелгілері және Алғыс Хаттарымен марапаттады.
Ал Түркістан облысы Бас прокуратурасының басқарма басшысы Ақбұлан Алжанов:«Университет ұжымын келіп жеткен Республика күнімен құттықтаймын! Ең беделді жоғары оқу орындарының бірі – Ахмет Ясауи университетінің ұжымы облысымызда үлкен рөл ойнайды. Жанар Темірбекова бастаған ұжым облыстағы іс-шараларда белсене қатысып, көмегін көрсетіп келеді»,-деді.
Сонымен қатар, 24-25 қыркүйек күндері ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен өткен I Халықаралық мемлекеттік айыптаушылар форумын ұйымдастыруға атсалысқаны үшін ректор Жанар Темірбековаға арнайы Алғыс Хат табыстады. Сапалы кадр даярлауда өз үлесін қосып, айтулы форумның өтуіне үлес қосқан оқу орда ұжымын да марапаттады.
Түркістан облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшы орынбасары Мұрат Оспанов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Абылайхан Наурызбаев оқу орда қызметкерлерін департамент атынан арнайы марапаттады.
Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. «Атамекен» ұлт аспаптар фольклорлық ансамблі көрермен қауымға «Батыр баба» мен «Егемен Қазақстан» күйін шертіп, рухани серпін берді.
Сондай-ақ, өнерлі студенттер патриоттық әндер орындады. «Бисұлтан» би ансамблінің арулары мың бұрала би биледі.
Кеш соңында Өнер, медиа және дизайн факультетінің студенттерінен құралған хор ұжымы «Атамекен» әнін шырқады. Осылайша оқу орда ұжымы ел мерейін асқақтатып, тәуелсіздік тұғырына айналған Республика күнін жоғары деңгейде атап өтті.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 