«ЖАЗУШЫ МЕН ӘДЕБИ ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін оқу ордамызда Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Тәуелсіздік дәуірі әдебиеті және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, белгілі жазушы Нұрдәулет Ақыштың қатысуымен «Жазушы мен әдеби дәстүр» тақырыбында рухани кездесу өтті.
Филология факультетінің ұйымдастыруымен өткен басқосуда қаламгер қазақ әдебиетінің дамуындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселелеріне тоқталып, өз шығармашылық жолынан сыр шертті. Нұрдәулет Ақыш әдебиеттегі көркемдік ізденіс, жазушы шеберлігі мен ұлт руханиятындағы қаламгердің рөлі туралы терең ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар жазушы өзінің көркем шығармаларынан үзінділер оқып, олардың жазылу тарихы мен идеялық мазмұны жайында түсіндірді. Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Кездесу соңында Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов сөз алып, Нұрдәулет Ақышқа оқу ордамыздың атынан алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
Бұл рухани жүздесу студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсті.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 