«ГАУҺАР АНАНЫҢ НҰРЛЫ МЕКЕНІНДЕ – ЖАСЫЛ ӨМІРГЕ ҚАДАМ» АТТЫ РУХАНИ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ
Оқу орда басшылары мен ұжымы және студенттері Гауһар ана кесенесі аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Айтулы шара Республика күні қарсаңында және «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Басты мақсат – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру. Сондай-ақ, киелі мекендерге құрмет көрсету.
Айта кетейік, Гауһар ана – Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың қызы. Ал кесенесі – республикалық маңызға ие тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген.
Ең алдымен, жиналған жұртшылық кесенеге зиярат етіп, құран оқып, анамыздың рухына тағзым етті.
Келесі кезекте, ректор Жанар Темірбекова мен Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов бастаған оқытушылар және студенттер кесене аумағына ағаш отырғызды.
Осылайша Гауһар ана кесенесі аумағында оқу орда ұжымы мен жастары 200 түп ағаш екті. Тамыры тереңге жайылып, мәуелі бәйтерекке айналуын тіледі.
# 22. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 