БІЗДІҢ ТҮЛЕК – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
Нұрбек Ұласбекұлы 1981 жылы 4 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Байдібек ауданының Шаян ауылында дүниеге келген. Ол – оқу ордамыздың 2002 жылғы түлегі, «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын прокуратура органдарында бастап, әр жылдары түрлі жауапты қызметтерді атқарған. Заң саласында мол тәжірибе жинақтап, әділет пен заңдылықты қорғауда кәсіби біліктілігімен танылған.
Университет қабырғасынан түлеп ұшқан Нұрбек Ұласбекұлы сияқты азаматтар – оқу ордамыздың беделі мен абыройының айғағы.
Оқу орнымыз құқық қорғау саласына біршама білікті мамандарды даярлап шығарды, олардың қатарында мемлекеттік жоғары лауазымдарда абыройлы қызмет етіп жүрген азаматтар жеткілікті. Биылдан бастап қайта құрылған Заң факультеті осы табысты дәстүрді жалғастырып, болашақ заңгерлеріміздің де осы игі жолды лайықты жалғастыратынына сенімдіміз.
Университет ұжымы атынан Нұрбек Ұласбекұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, зор табыс, мықты денсаулық және абыройлы қызмет тілейміз! Біз түлегімізді мақтан тұтамыз!
# 22. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 