«АЙ АСТЫНДАҒЫ МАХАББАТ» АТТЫ ШАБЫТ КЕШІ ӨТТІ
Оқу ордамызда «Ай астындағы махаббат» атты шабыт кеші өтті.
Айта кетейік, іс-шараны «Шаңырақ» клубтар координациясына қарасты «Yasawi Media club» клубы, Медиа және PR орталығының жетекшілігімен арнайы ұйымдастырды.
Жиынға ректор Жанар Темірбекова мен Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова бастаған оқытушы-профессорлар, қызметкерлер мен студенттер қатысты.
Шараның ашылуында сөз бастаған ректор Жанар Темірбекова: «Оқу ордамызда бірнеше жылдан бері керемет поэзия кештері өтеді.Оны өткізуге атсалысатын барша ұстаздар мен студенттерімізге алғыс айтамын. Поэзия – өнердің ең көркем түрінің бірі. Біздің мәдениетімізге жақын, тарихы тереңге бойлаған өнер. Бүгінгі әсем кешке келіп, қатысып жатқан көрермендерге де, өнерлі студенттерімізге де алғыс білдіремін!»,-деді.
Сондай-ақ, вице-ректор Эльмира Идрисова мен ардагер ұстаз, профессор Гүлсара Тоққұлова мен Кітапхана директоры Ақмеруерт Абсеметова және Түлектер қауымдастығының төрағасы Мариям Асанова ақ тілектерін арнады. Ерекше іс-шараны ұйымдастырған студенттерге ризашылықтарын жеткізді.
Адамзаттың махаббат пен жылулыққа толы асыл сезімдерін жеткізген рухани кеште студенттер өз өнерлерін ортаға салды. Қазақтың Мұқағали Мақатаев пен Фариза Оңғарсынова сынды басқа да белгілі ақындарының жыр шумақтарын оқыды. Жүрек жарды тілектері мен сезімдерін өлеңмен өрген жастар өз шығармаларын оқып, көптің қошеметіне бөленді.
Сонымен қатар, көрермен қауым махаббат пен сүйіспеншілікке толы жастық шақтарынан сыр шертер естеліктерімен бөлісті. Қонақ кәде ретінде көрермендер де өлең шумақтарынан шашу шашты.
Сахна төрінде студенттер әсем ән шырқап, күй шертті. Ару қыздар «16 қыз» әнімен би билеп, қойылым арқылы кештің сәнін кіргізді.
Осылайша жүректерді тербеген нәзік сезімдерді бейнелеген кеш жоғары деңгейде өтті. Бұл туралы көрермендер айтып, ерекше әсер сыйлаған студенттерге алғыстарын білдірді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 