УНИВЕРСИТЕТІМІЗ QS РЕЙТИНГІНДЕ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ БОЙЫНША АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА
Күні кеше оқу ордамыз беделді QS Asia University Rankings 2026 рейтингінде өз нәтижесін едәуір жақсартып, Азия университеттері арасында 184-орынға көтерілгені туралы сүйінші хабар жарияланды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 9 позиция жоғары, ал соңғы төрт жылда университетіміз 239-дан 184-орынға дейін тұрақты өсім көрсетіп келеді.
Сондай-ақ, QS World University Rankings 2026 жаһандық рейтингінде де айтарлықтай жетістікке жетіп, 848-орыннан 761–770 диапазонына дейін көтеріліп, бар-жоғы бір жыл ішінде 80-нен астам позицияға ілгеріледі.
Бұл көрсеткіштер оқу ордамыздың интернационалдандыру, академиялық сапаны арттыру және ғылыми әлеуетті дамытуға бағытталған стратегиясының тиімділігін дәлелдейді. Осылайша, Ясауи университеті бүгінде аймақтық емес, жаһандық деңгейдегі беделді жоғары оқу орны ретінде танылып отыр.
Министр Саясат Нұрбек өз хатында университеттің еліміздің жоғары білім кеңістігіндегі ерекше орнын атап өтті.
«Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – еліміздің жоғары білім кеңістігіндегі ғылыми ізденіс пен инновацияның символы. Сіздердің халықаралық рейтингтерге тұрақты түрде қатысуларыңыз Қазақстанның академиялық беделін арттыруға және ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосып келеді.
Алдағы уақытта да білім ордасының ғылыми әлеуеті мен халықаралық ықпалы арта беретініне сенімім мол», – делінген министрдің хатында.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке университет ұжымы атынан қолдау көрсетіп, сенім артқаны үшін алғыс айтамыз.
Айта кетейік, университетіміздің QS рейтингтеріндегі табысы – тек қазақстандық емес, күллі түркі әлемі жоғары білімінің халықаралық беделін арттыруға қосылған маңызды үлес. Білім мен ғылымды тоғыстырған оқу ордамыз алдағы уақытта да жаңа идеялардың, жаңашыл ізденістердің орталығы бола бермек.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі, Медицина факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы, Дінтану кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті даму және үйлестіру департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды 