«СТАРТАПТАРҒА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГРАНТТАРДЫ БЕРУ ТӘРТІБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРДІ
Бүгін оқу ордамызда Коммерцияландыру офисінің ұйымдастыруымен «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің технологиялық сараптау орталығының сарапшылары студенттер мен қызметкерлерге
«Стартаптарға инновациялық гранттарды беру тәртібі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Басты мақсат – университетімізде стартап жобалармен айналысатын білім алушыларды, қызметкерлерді қолдау, стартап жобалардың санын, сапасын арттыру және олардың арасында кәсіпкерлікті дамыту, білім алушыларға идеядан өнімге дейін жетуге көмектесу.
Жиында «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің технологиялық сараптау орталығының бас сарапшысы Асхар Мұса және сарапшы Ержан Жанабеков стартаптарға инновациялық грант беруге қатысты тың ақпараттармен бөлісті.
Спикерлер «Өнімді жетілдіру және коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» бойынша 20 миллион теңгеге дейін грант ұтуға мүмкіндік туралы баяндады. Жобаның шарттары мен талаптары, қажетті құжаттар сынды т.б мәліметтерді жеткізді. Инновациялық жоба, яғни өнімнің нарықтағы артықшылығы, бәсекеге қабілеттілігі, шығындарының есептелуі, экономикалық нәтижесі сияқты бөлімдері жайлы айтты.
Шара соңында қатысушылар спикерлерге аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырған сауалдарын қойды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 