УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ ИСЛАМ ӘЛЕМІНІҢ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҰЙЫМЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ
Бүгін оқу ордамызға Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) делегациясы мен Сұлтан ибн Абдул-Азиз Әл-Сауд қайырымдылық қорының өкілдері арнайы келді.
Айта кетейік, қонақтар Теология факультетінде «Араб тілін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» атты семинар өткізеді.
Қонақтар қатарында Сұлтан ибн Абдул-Азиз Әл-Сауд қайырымдылық қорының бас директорының орынбасары Доктор Абдул-Азиз Әл-Мақуши мен ИСЕСКО ұйымының өкілі доктор Әнәс Хусам ән-Нұғайми бастаған мамандар бар.
Олар ең алдымен ректор Жанар Темірбекова және ректор өкілі м.а Нажи Генчпен кездесті. Басқосуға Қаржы және Халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу мен Халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Фуркат Дадажанов және Теология факультетінің деканы Сұлтанмұрат Абжалов қатысты.
Басқосуда университетіміздің ғылым мен білім алаңында отандық және халықаралық аренадағы орны таныстырылды. Қазақстанда алғаш болып Теология факультеті оқу ордамыздамызда ашылғаны туралы да сөз қозғалды.
Кездесуде сөз тізгінін алған ректор Жанар Темірбекова: «Құрметті ИСЕСКО делегациясының мүшелері, қадірменді қонақтар! Ең алдымен сіздерді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті атынан шын жүректен қарсы ала отырып, оқу орнымызға көрсеткен қызығушылықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Осындай беделді халықаралық ұйымның өкілдерін қабылдау – біз үшін зор мәртебе»,-деді.
Сондай-ақ, ректор университет базасында ISESCO оқу-ғылыми кабинетін ашып, оны заманауи мультимедиялық жабдықтармен және исламдық ғылымдар мен араб тілін оқытуға арналған ресурстармен қамтамасыз ету туралы ұсыныс білдірді. Сұлтан ибн Абдул-Азиз Әл-Сауд қайырымдылық қорының бас директорының орынбасары Абдул-Азиз Әл-Мақуши ұсынысты қолдайтындарын жеткізді. Қос тарап бұл орталық Орталық Азия кеңістігінде араб тілі мен ислам мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам болатынына сенетіндерін айтты.
Жиында Сұлтан ибн Абдул-Азиз Әл-Саудтың халықаралық тілдік дайындық жобасы, араб тілі бойынша өтетін семинардың маңызы мен мақсаты талқыланды.
Келесі кезекте қонақтар мен университет басшылығы факультет оқытушылары мен студенттерімен кездесті.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі, Медицина факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы, Дінтану кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті даму және үйлестіру департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды 