«БҮГІНГІ ТӘРТІП – ЕРТЕҢГІ ЖЕТІСТІК» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін университетімізде «Заң мен тәртіп» концепциясы аясында «Бүгінгі тәртіп - ертеңгі жетістік» тақырыбында «BIR TOLQYNDA» диалог алаңы негізінде кездесу өтті.
Іс-шараға Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева және Түркістан облыстық «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ төрағасы Еркебұлан Мадиярұлы қатысты.
Кездесудің мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң талаптарын сақтау мен тәртіптің қоғамдағы рөлін түсіндіру. Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдағы тәртіп пен заңның маңызын түсіндіру.
Жиын барысында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева отбасы құндылықтары жайында сөз сөйлеп, жастарға, әсіресе жас студенттерге арналған тағылымды кеңестерімен бөлісті. Ол тәрбие мен заңды сақтау мәселелерін көтеріп, жастардың әрқайсысы өз тәртібін дұрыс қалыптастыруы керек екенін баса айтты.
Сондай-ақ, жиын барысында оқу орнымыздың «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымының жаңа төрайымы тағайындалды. Бұл қызметке филология факультетінің 2-курс студенті Гүлім Амантайқызы ие болды. Жас көшбасшыға ұйым атынан арнайы төсбелгіні «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева табыстап, алдағы жұмысын жауапкершілікпен атқаруына сенім білдірді.
Кездесу барысында студенттердің қойған сұрақтарына жауап бере отырып, Қалыйма Жантөреева өз балалық шағына саяхат жасап, өмір жолындағы маңызды кезеңдерін бөлісті. Жастар оның айтқан ойларынан терең өмірлік сабақ алып, мотивацияға толы әсер алды.
Бүгінгі кездесу студенттер үшін тағылымы мол, тәрбиелік мәні жоғары шара болды. Жастар қоғамдық тәртіптің маңызын терең түсініп, өмірлік тәжірибемен сабақтасқан құнды кеңестер алды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 