ИТАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Университетімізде Экономика, басқару және құқық факультеті «Халықаралық қатынастар» кафедрасы мен Халықаралық қатынастар клубының «Жас дипломаттарға семинар» жобасы аясында Италия Республикасы Генуя университетінің доктор-профессоры және Италияның Генуя қаласы мэриясының Халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Андреа Менегатти семинар өтті.
Андреа Менегатти – саясаттану, муниципалды басқару салаларының үздік маманы, саяси ғылымдар докторы. «Батыс Африкадағы Ислам: жас африкалық демократиядағы сопылық және фундаментализм» кітабының авторы. Генуя муниципалитеті, Сыртқы істер департаментінде Азия мен Шығыс Еуропа, Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерімен және БАҚ-пен арнайы екіжақты қатынастарға жауап береді.
Экономика, басқару және құқық факультетінің студенттері мен магистранттарына бағытталған семинар – «Italian Local Authorities Diplomacy» тақырыбында болды.
Семинар барысында Италияның «Еуропалық одақ» ұйымындағы орны мен рөлі, Италиядағы демократияның даму үдерісі және Италия мен Еуропалық одақ елдеріндегі адам құқықтары кеңінен баяндалды. Әсіресе Италияның жоғары оқу орындарындағы ғылыми зерттеу жұмыстары мен зерттеу әдістеріне қатысты тәжірибесімен бөлісті. Италияны басқа да Еуропалық елдерімен салыстырмалы түрде талдап, сыртқы саясатын саралады. Сонымен қатар, Италияның жергілікті басқару органдарының ерекшеліктері мен жергілікті басқару органдарының билік тармақтарымен байланыстары, әрі жергілікті басқару органдарының халықаралық қатынастарды жүргізу ерекшеліктеріне баса назар аударды.
Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын ортаға тастап, тың жауаптар алды.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 