Мәдениет орталығы

Мәдениет орталығы 1999 жылы іске қосылған.
Мәдениет орталығының жалпы көлемі: 8635,4м²
Құрылымы:
• Үлкен зал – 674 орын. Үлкен зал заманауи дыбыс, жарық аппаратурасымен, синхронды аударма жүйесі жабдықталған. Сахна төрінде LED экран қойылған.
• Кіші мәжіліс зал – 186 орын. Кіші мәжіліс зал заманауи дыбыс аппаратурамен және синхронды аударма жүйесімен жабдықталған.
• «Көркемсуретті түркі дүниесі тарихы» мұражайы. Мұражай 4 бөлімнен тұрады: «Түркі халықтарының тарихы» атты көркемсуретті панорама. Көркемсуретті панораманың аумағы 306 шаршы метрден, биіктігі 6 метрден, ұзындығы 51 метрден тұратын, күмбезді дөңгелек залдан тұрады. Бұл панорама жұмыр жерді мекендеген түрік халықтарының тас дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі бедерлі тарихын тұтас тамашалауға мүмкіндік береді. Түркі әлемі бейнеленген ғаламшар, Түрік әлемінің ұлы ойшылдары мен қайраткерлерінің картина галереясы, Түркі халықтарының ұлттық киімдері.
• «Ясауи» археологиялық мұражайы. Мұражайдың ішінде археологиялық жәдігерлермен бірге хандар галереясы, картиналар галереясы және филология ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Тарих толқынындағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. XV-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты бірегей кітабына енгізілген XV-XIX ғғ. тиесілі, Қазақ мемлекеттілігінің терең тарихын сипаттайтын 30 картасының көрмесі орналасқан.
Қызметі:
Мәдениет орталығына қарасты шығармашылық үйірмелер:
• «Атамекен» ұлт аспаптар фольклорлық ансамблі.
• «Би сұлтан» би ансамблі.
• Эстрадалық әндер ансамблі.
• «Тұран бенд» вокалдық инструменталды ансамблі.
• «Жайдарман» ойыны.
• Мәдени шараларды жүргізушілер.
• Домбыра.
Міндеті:
Мәдениет орталығы түркі дүниесінен келген студенттер арасында қарым-қатынасты нығайту және білімгерлерге түркі тілдес халықтарының ортақ тарихы мен мәдениетін дәріптеу, таныту, ортақ құндылықтарын қалыптастыру бағытында жұмыс жасайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі, Медицина факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы, Дінтану кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті даму және үйлестіру департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды 