Ахмет Ясауи университеті
Ғылыми жұмыстар
Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға арналған конкурсы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі. Жоба жетекшісі Досымов Елмұрат, PhD Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, аға оқытушы .png)
Идентификаторлар:
Жобаның зерттеу тобы
№ | ТАӘ | Жоба бойынша лауазымы | Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері |
1 | Досымов Елмұрат | Жоба жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер | Хирш индексі h=4 Scopus Author ID 57216149913 |
2 | Курбанбеков Бакытжан Алимханович | Аға ғылыми қызметкер | Хирш индексы: 4. Researcher ID: ISH-4941-2023, ORCID: 0000-0003-0868-6396 Scopus Author ID: 57126269200 |
3 | Selda ESER | Аға ғылыми қызметкер | Хирш индексі h=4 Scopus Author ID 57190067957 ResearcherID: CQE-1467-2022 ORCID 0000-0002-1863-2976 |
4 | Раманкулов Шерзод Жумадуллаевич | Аға ғылыми қызметкер
| Хирш индексі h=9 Researcher ID: ADB-9983-2022 https://orcid.org/0000-0002-4786-942X Scopus Author ID 57195064454 |
5 | Беркімбаев Мейрамбек Оңғарбекович | Ғылыми қызметкер | Хирш индексі h=3 Scopus Author ID: 57205194746 |
6 | Усембаева Индира Бахытовна | Аға ғылыми қызметкер | Хирш индексі h=6 Scopus Author ID: 55865638800 |
7 | Полатұлы Серік | Ғылыми қызметкер
| Хирш индексы: h=2 Researcher ID: KPB-7077-2024 ORCID: 0000-0001-6670-2679 Scopus Author ID: 58514212700
|
Жобаның аңдатпасы
Жобаны іске асыру барысында алынған нәтижелер индустрия 4.0 жағдайында жұмыс берушілер болашақ физика мамандарынан не күтетіндігін айқындау және осы қажеттіліктерге сәйкес оларды бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалай даярлау керектігі сияқты әлемдік деңгейдегі перспективалы мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Жоба нәтижелері білім берудің барлық мекемелерінде оқу үдерісіне, біліктілікті арттыру институттарында және жеке тұтынушылар тарапынан қолданысқа ендірілу арқылы әлемде және еліміздегі ғылым-білім саласында үлкен серпілістер жасауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері болашақ физика мамандарының STEM элементерін жасап шығаруға және оларды тұтынушыларға өнім ретінде комерцияландыруға ұсынуға мүмкіндігі туады.
Мақсаты:
Индустрия 4.0 жағдайында техникалық мамандықтар бойынша білім беруді тиімді жүзеге асырудың STEM білім беру моделін әзірлеу; STEM білім беру негізінде болашақ физика мамандарының креативтілігін дамыту, олардың өндірістік революция талаптарын орынауға даярлығын жетілдірудің механизмін жасау және оқу үдерісіне ендіру.
Жобадан күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:
Жылы | Зерттеу бойынша алынған нәтижелері. Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат |
2023 жыл | Зерттеу барысында ғылыми еңбектерді іріктеу нақты анықталған критерийлер негізінде жүйелі шолу жасау арқылы жүргізілді. Web of science, Scopus базасындағы жоғары рейтингті журналдарда жарық көрген мақалаларға мета-анализ арқылы Индусрия 4.0 тұжырымдамалары мен білім беру саласының байланысы тұжырымдалды. Ғылыми әдебиеттерді систематикалық талдау негізінде STEM технологияны техникалық мамандықтарда қолданудың білім беру бағдарламасына сәйкес негізгі білімді меңгерудің мақсатты деңгейін нақтылау, оқыту нәтижелерінің мақсаттарына жету үшін жеңіл меңгерілетін STEM жобаларды әзірлеу немесе өмірмен байланысты кейстерді құру, STEM білім беруге негізделген бағалау механизмін құру сияқты теориялық аспектілер анықталды. STEAM жобалық оқытудың болашақ физика мамандарын индустрия 4.0 талаптарын орындай алуға даярлаудағы ерекшеліктері айқындалды. ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымда 1 мақала жарық көрді: Келесбаев, Қ., Раманкулов, Ш., Нуризинова, М., Паттаев, А., & Мұсахан, Н. (2023). Stem жобалық оқытудың болашақ физика мамандарын даярлаудағы ерекшеліктері. Известия НАН РК. Серия физико-математическая, (2), 193–207. https://doi.org/10.32014/2023.2518-1726.193 Болашақ физика мамандарының креативтілігін дамыту үшін STEM технологияларын қолдану қажеттілігі мен білім беру процесінде шығармашылыққа баса назар аудара отырып, STEM өнімдерін жасауға үйретудің педагогикалық және психологиялық негіздерін зерттеудің жетіспеушілігі арасындағы қарама-қайшылықтар айқындалды. Зерттеудің сандық және сапалық әдістері негізінде кәсіби қызмет процесінде болашақ физика мамандарының креативтілігін дамытудың қағидалары анықталды. Бұл қағидаларға STEM білім берудің физиканы оқытудағы ерекшеліктерін айқындауға негіз болған STEM білім берудің формалары мен әдістері ретінде, STEM case, STEM-ойын, STEM-жоба, STEM – зертханаларды қолданудың әдістемелік ерекшеліртері айқындалды. Болашақ физика мамандарының креативтілік көрсеткіштерін дамытуда STEM технологияны қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері STEM кабинетінде физиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың, өнің өнімділігінің ерекшеліктерімен сипатталады. Студенттердің креативтілік көрсеткіштерінің бастапқы деңгейін анықтауға бағытталған сауалнама және тест мазмұны әзірленіп, олардың ойлау жылдамдығы, икемділігі және ерекшелігі компонеттері бойынша креативтілік көрсеткіштеріне сәйкес деңгейлері анықталды. Зерттеу нәтижелері 1 мақала түрінде Халықаралық конференция материалдарында жарық көрді: Ramankulov Sh., Selda Eser, Dosymov Y., Kelesbayev K. Psichological and pedagogical foundations of the use of Stem technology in the development of indicators of creativity. Collection of scientific articles International Pedagogical Forum "Strategies of education: training of future personnel". Almaty, 2023. p.p.82-86. Физика бойынша білім беру бағдарламаларына талдау жасалды. Жұмыс берушілерге арналған сауалнама әзірленді. Болашақ физика мамандарын STEM саласында даярлаудың теориялық аспектілерін айқындап, соған сәйкес оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіріп, біздің зерттеуіміздің негізгі идеясы іске асырылды. Аталған бөлімдегі міндеттерге сәйкес, білім беруді тиімді жүзеге асыруда STEM технологиясын қолданудың мәні мен маңызы, оны оқу үдерісіне енгізудің негізгі функциялары мен мақсаттары, STEM оқытудың қағидаттары айқындалды. Зерттеу барысында қолданылған сапалық зерттеу әдістері негізінде ғылыми еңбектерге, білім беру бағдарламаларына жүргізілген талдау нәтижелері дамыған елдермен қатар, Қазақстан Республикасында да физика бойынша STEM білім беруде студентттердің креативтілігін дамытуға, сол арқылы елдегі ғылым мен технология саласын жоғары деңгейге шығаруға назар аударуды қажет ететіндігін көрсетті. Жұмыс берушілерден алынған сауалнама нәтижелері мен олардың ұсыныстары бойынша талдаулар жүргізілді. Нәтижесінде білім беру бағдарламасына STEM-ге негізделген «Физикадағы STEM оқыту» пәні ендіріліп, оқу-әдістемелік кешені жасалды. ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымда 2 мақала жарық көрді: 1. Раманкулов, Ш., Битибаева, Ж., Курбанбеков, Б., Мұсахан, Н. і Паттаев, А. 2023. STEM - мектеп физика курсының «энергия» ұғымын қалыптастырудың технологиясы ретінде. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2023), 237–245. DOI: https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.83.3.026 . 2. Ergobek E., Ramankulov Sh., Dosymov E (2023). Theoretical aspects of the problem of developing students’ critical thinking based on stem learning. Научный журнал «Вестник НАН РК», 403(3), 83–91. https://doi.org/10.32014/2023.2518-1467.494 Зерттеу нәтижелері 2 мақала түрінде Халықаралық конференция материалдарында жарық көрді: 1. A.Sarybayeva.,Sh.Ramankulov., K. Kelesbayev., A.Choruh. The use of STEAM technology for the development of applied physics teaching. Korkut Ata II. International scientific researches conference, Turkey, 2023. P.526-532. https://www.korkutataconference.org/kitaplar 2. Dosymov E., Usembayeva I., Ramankulov Sh. Methodological system for the development of creativity based on stem technology. «Issues of development of modern science and techniques» Collection of articles XXXII International Scientific and Practical Conference, Melbourne, Australia, 2023. P.45-53. |
2024 жыл | «Физикадағы STEAM оқыту» пәнін оқытудың дидактикалық моделі әзірленді. Модельдің құрылымын пәнді оқытудың мақсаттары мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары, оқыту нәтижелері және STEM білімге бағдарланған ақпарат көздері қамтиды. Пәнді оқытудың нәтижелері студенттердің креативті ойлау көрсеткіштерін дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, STEM білім беруге негізделген дидактикалық модел «6В01510-Физика» білім беру бағдарламасына сәйкес «Физикадағы инновациялық педагогикалық технологиялар» пәні мен «6В05348-Физика» білім беру бағдарламасының «Физикадан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалау», «Механика», «Нанотехнология және наноматериалдар» пәні бойынша оқу үдерісінде қолданыс тапты. Білім алушылар пән аясында 3D-принтинг және өндірістік-тұрмыстық қалдықтарды түрлі STEM жобаларды орындауда пайдалануға қатысты. Топтық жұмыс жасау арқылы STEM өнімдер жасауға және олардың негізінде ғылыми жобалар әзірледі. Студенттерге өндірісте, еңбек нарығында және бизнесте қолдануға болатын жабдықтар мен материалдарды өз қолымен жасауға, жаңа идеяларға өзіндік ізденіс арқылы қол жеткізуіне үйретуге бағытталған пәнді оқытудың әдістемелік ерекшеліктері айқындалды. Scopus базасындағы CiteScore бойынша 50 ден жоғары процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда бір мақала жарық көрді: Usembayeva, I., Kurbanbekov, B., Ramankulov, S., Batyrbekova, A., Kelesbayev, K., & Akhanova, A. 3D Modeling and Printing in Physics Education: The Importance of STEM Technology for Interpreting Physics Concepts. Qubahan Academic Journal, 4(3), 45–58. https://doi.org/10.48161/qaj.v4n3a727 (Scopus, процентиль-79). ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын отандық басылымда 1 мақала жарық көрді: Anas, B., Sakakov, M., Ramankulov, S., & S. Eser. (2024). Principles of construction of the educational content of the discipline «Nanotechnology and nanomaterials» and stages of training. Научный журнал «Вестник НАН РК», 407(1), 47–57. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.656 Халықаралық конференция материалдарында 2 мақала жарық көрді: 1. Досымов Е., Раманкулов Ш., Курбанбеков Б., Келесбаев К. «Физикадағы STEAM оқыту» пәнін білім беру бағдарламасына енгізудің және оны оқытудың әдістемелік ерекшеліктері. «Физикадағы заманауи тенденциялар: ғылым мен білім интеграциясы» Халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. Астана, 2024 ж. 64-71 б.б. 2. Sh.Ramankulov , B.Yavidov , A.Pattayev , Y.Dosymov. The effectiveness of STEM in teaching physics: an example of teaching solar energy. Рroceedings of international conference fundamental and applied research in physics. Toshkent, 2024. 234-235 p.p. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде креативті өнімдер жасау, заманауи цифрлық білім беру ортасын құру, физиканы пәнаралық байланыста оқытудың тиімділігін іске асыру, STEM өнімдерді әзірлеу және олардың тиімділігін оқу үдерісінде бағалау, білім алушылардың инженерлік іс-әрекеттерін дамыту, жасалған өнімдерді коммерциялау арқылы еліміздегі ғылым мен технологияның дамуына үлес қосу, экономикалық тиімділікті жетілдіру мақсатында «STEM және Креативтілік» оқу-зертханасы ашылады. Оқу-зертханасында физикалық мини жобаларды орындауға, физиканы оқытудың қолданбалы бағыттылығын тиімді жүзеге асыруға бағдарланған STEM өнімдер мен стендтер әзірленді. STЕM-ге негізделген пәндерді оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында екі тілде білім алуға мүмкіндік беретін STEM білімі және оның физиканы оқытудағы маңызы бірнеше мысалдармен көрсетілген оқу құралы жарық көрді. Студенттердің креативтілігін дамытуға негізделген web сайт материалдары әзірленіп іске қосылды. ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымда 1 мақала жарық көрді: Usembayeva I., Kelesbayev K. STEM Education as a Tool for the Effective Implementation of the Applied Orientation of Physics Teaching // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2024. – №1 (131). – Б. 310–321. https://doi.org/10.47526/2024-1/2664-0686.25 Бір оқу құралы баспадан шықты: Dosymov Y., Kurbanbekov B., Ramankulov Sh., Pattayev A. STEM and CREATIVITY. Shymkent: «Nurly Beine», 2024. – 100p. Халықаралық конференция материалдарында 1 мақала жарық көрді: Курбанбеков Б., Досымов Е., Каримова А., Асанбек Б. Жобалау және 3d-принтинг: физикадан зертханалық сабақтарда цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың мүмкіндіктері. «Физикадағы заманауи тенденциялар: ғылым мен білім интеграциясы» Халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. Астана, 2024 ж. 58-63 б.б. Студенттердің нарықтық экономика мен өнеркәсіптік білімдерін қалыптастыру, креативті өнім жасауға деген ынталарын арттыру мақсатында республикалық деңгейде физика білім беру бағдарламалары бойынша конкурс ұйымдастырылды. Бұл студенттердің өндірістік революция талаптарын орынауға даярлығын жетілдірудің механизмін жасауға септігін тигізді. Конкурс 2-кезеңде ұйымдастырылды. 2-ші кезеңге жолдама алған 40-тан астам ғылыми жоба бойынша студенттер Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ қабырғасында сайысқа түсті. Конкурсқа келіп түскен ғылыми жобалар бойынша жинақ баспадан шықты. 1. «Индустрия 4.0: креативті студент» атты Республикалық конкурс материалдарының жинағы (2024 ж. 17-18 қазан, Түркістан). - Шымкент : «Нұрлы Бейне» баспасы, 2024. - 236 бет. Механикалық тәжірибелерді ұйымдастыруға арналған 3D принтерден шығарылған құрал-жабдықтардан тұратын STEM бокс әзірленді. Арбаша, блок, үйкеліс күшін азайтуға арналған рельс (ұзындығына байланысты өзгеріс жасауға мүмкіндігі бар), рельстің екінші ұшына киілетін ардуиноның қадамдық қозғалтқышы орнатылған бөлігінен тұрады. Аталған STEM бокс қозғалыс түрлерін зерттеуге мүмкіндік береді (бірқалыпты, бірқ емес қозғалыстар), сондай-ақ, күштің үдеуге тәулелділігін зерттеуге, рельстің үстіне екі арбашаны орнатып Ньютон заңдарын, массаның инерттілігін, импульстың сақталу заңдарын зерттеуге мүмкіндік береді. "STEM IN PHYSICS" мобильді қосымшасы әзірленді. Мобильді қосымша Google Play Market контентіне ендірілді және авторлық куәлік алынды. «STEM and CREATIVITY» оқу құралында STEM білімге негізделген бірнеше зертханалық жұмыстар келтірілді. ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын басылымда 1 мақала жарық көрді: Досымов, Е., Selda, E., Нуризинова, М., Еділбаев, Е., & Бексултан, А. . (2024). Механика курсын оқытуда цифрлық ресурстарды қолданудың ерекшеліктері. Научный журнал «Вестник НАН РК», 408(2), 48–62. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.706 Оқу құралы жарық көрді: Dosymov Y., Kurbanbekov B., Ramankulov Sh., Pattayev A. STEM and CREATIVITY. Shymkent: «Nurly Beine», 2024. -100p. Бір мобильді қосымшасы әзірденді: Досымов Е, Усембаева И, Келесбаев К, Аханова Ә, Раманкулов Ш, Курбанбеков Б. Mobile Application "STEM IN PHYSICS". Авторлық куәлік № 47002, «5» маусым 2024 жыл. Халықаралық конференция материалдарында 2 мақала жарық көрді: 1. Е.Досымов, М.Беркінбаев, Ш.Раманкулов. Цифрлық оқу құралдары мен мобильді қосымшаларды қолдану – физикадан креативті сабақтарды өткізудің шарты ретінде. «Қазақстан Республикасында жаратылыс-ғылыми білім беруді дамыту: мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 2024. 198-202 б.б. 2. B.Kurbanbekov, B.Asanbek, Sh.Ramankulov. Possibilities of launching the stem laboratory complex based on virtual reality (vr) and 3d modeling. Materials The International scientific and practical conference «Development of natural science education in the republic of kazakhstan: problems and prospects». Almaty, 2024. 211-214 p.p. |
2025 жыл | Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде болашақ физика мамандарын даярлауға бағытталған білім беру бағдарламалары шеңберінде педагогикалық эксперименттік жұмыс ұйымдастырылды. Зерттеу барысында бақылау және эксперименттік топтар құрылып, олардың оқу жетістіктері мен креативтілік деңгейлері салыстырмалы түрде талданды. Нәтижелер математикалық-статистикалық әдістер арқылы өңделіп, SPSS бағдарламасы негізінде сенімділік деңгейі мен әсер ету көрсеткіштері есептелді. Эксперимент нәтижелері ұсынылған әдістемелік жүйенің және студенттердің креативті құзыреттіліктерін дамытуда жоғары тиімділік көрсеткенін дәлелдеді. Сонымен қатар, физикалық және химиялық ғылымдар даярлау бағытына арналған жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеу жоспары жасалды. Зерттеу нәтижелері негізінде жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына өзгерістер енгізу бойынша нақты ұсыныстар дайындау, оның ішінде пәнаралық курс мазмұнын жаңарту, цифрлық құралдарды тиімді қолдану және жобалық оқыту тәжірибесін кеңейту секілді бағыттарда жұмыстар жүргізілуде. Scopus базасындағы рецензияланатын ғылыми басылымда бір мақала жарық көрді: Dosymov, Y., Ergobek, E., Ramankulov, S., Ualikhan, A., Usembayeva, I., & Kurbanbekov, B. (2025). A New Approach to Development of Students’ Research Abilities in STEM Education. Emerging Science Journal, 9(2), 741–763. https://doi.org/10.28991/ESJ-2025-09-02-013 (90-процентиль). 1-монография баспадан шықты: Досымов Е., Нуризинова М. STEM технологиясы негізінде студенттердің креативтілігін дамыту: физиканы оқыту мысалында. - Шымкент: «Нұрлы Бейне» баспасы, 2025. - 195 бет. ISBN 978-601-339-418-3 Халықаралық конференция материалдарында 1 мақала жарық көрді: Dossymov Y, Polatuly S., Ramankulov Sh. Evaluating the effectiveness of the stem education model: results of a pedagogical experiment. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2025. Б.100-104 Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде цифрлық технологиялар мен STEM-инфрақұрылымын біріктіре отырып, оқу үдерісін жаңғырту білім сапасын арттырудың, педагогтардың әдістемелік әлеуетін күшейтудің және студенттердің креативтілігін дамытудың тиімді жолы болып табылатындығы тұжырымдалды. Осы бағытта әзірленген цифрлық білім контенті, оқу-әдістемелік құралдар, авторлық веб-сайт және STEM зертханалық кешендер университеттік білім беру тәжірибесіне және орта мектептерге енгізілуде және оларды одан әрі коммерцияландыру үшін жоспарлар әзірленуде. БҒСҚК ұсынған журналда 1 мақала жарық көрді: Е.Досымов, А.Уалихан, А.Бәкіржанқызы. «Атом физикасы» курсын stem білім беру негізінде оқыту тиімділігін зерттеу. Ясауи университетінің хабаршысы. – 2025. – №1 (135). – Б. 432–443. https://doi.org/10.47526/2025-1/2664-0686.176 Халықаралық конференция материалдарында 1 мақала жарық көрді: Dossymov Y., Usembayeva I., Berkimbayev M., Kelesbayev K., Ramankulov Sh. Developing new educational programs: the outcomes of using stem laboratory complexes. Proceedings of the XXI International Scientific and Practical Conference. London, United Kingdom, 2025. P.76-81 Шетелдік басқа басылымда 1 мақала жарық көрді: Usembayeva I., Temirbekkyzy Z. Digital content and web platforms in stem education: integration, efficiency, and commercialization. Sciences of Europe, 163, 48-51. https://doi.org/10.5281/zenodo.15292514 |