Ахмет Ясауи университеті
Ғылыми жұмыстар
Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі. Жоба жетекшісі – Раманкулов Шерзод Жумадуллаевич, PhD, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры. .png)
Идентификаторлар:
Жобаның зерттеу тобы
№ | ТАӘ | Жоба бойынша лауазымы | Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері |
1 | Раманкулов Шерзод Жумадуллаевич | Жоба жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер |
|
2 | Берді Динара Қадырханқызы | Аға ғылыми қызметкер |
|
3 | Курбанбеков Бакытжан Алимханович | Аға ғылыми қызметкер | Хирш индексі h=3 Researcher ID: ISH-4941-2023 https://orcid.org/0000-0003-0868-6396 Scopus Author ID 57126269200 |
4 | Жабаев Ермахан Хурышевич | Аға ғылыми қызметкер
| Хирш индексі h=1 Researcher ID: ГЗМ-9422-2022 https://orcid.org/0000-0001-7405-240X Scopus Author ID: 57349814800 |
5 | Келесбаев Кажымукан Нурмаханбетович | Ғылыми қызметкер | Хирш индексі h=1 Scopus Author ID: 59299905000 |
6 | Жақсылық Нұрқожа | Кіші ғылыми қызметкер | |
7 | Паттаев Амин | Ғылыми қызметкер | Хирш индексі h=1 https://orcid.org/0009-0007-8829-5315 Scopus Author ID: 57200791860 |
8 | Каримжанов Яхё | Кіші ғылыми қызметкер |
Жобаның аңдатпасы
Инженерлік-техникалық салаларда білім алушылардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін мектеп қабырғасынан бастап, университет және өнеркәсіп деңгейінде жоспарлы ынтымақтастық арқылы дамытудың жаңа тәсілі ретінде STEM білім берудің сабақтастығын жолға қою жобаның перспективті идеясы болып табылады. Жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қоғамдағы серіктестік арқылы дамытудың жаңа тәсілдерін айқындау, STEM саласында білім алушылардың қажеттіліктері мен жұмыс берушілердің талаптарын тиімді орындауға қажетті үздіксіз оқытуды іске асыру; STEM жобалауды пәнаралық сабақтастық негізінде оқу үдерістеріне енгізудің, өнеркәсіптік салалардың дамуына әсерін бағалау, мектеп пен университет қабырғасындағы білімді, ғылым және өнеркәсіппен ұштастыру жобаның шешуді көздейтін жаңаша ғылыми проблемаларына жатады. Мектеп-университет-өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастықты дамыту инновациялық процестерді құруға, инженерлік-техникалық білім беруді ерте жастан бастап меңгеріп, жұмысқа орналасуға дейінгі мәселелерді шешуге, сол арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға жол ашады. Пәнаралық STEM білім беру моделінің сабақтастығы негізінде жасалған өнімдердің практикалық маңызы жоғары және оларды комерцияландыру арқылы тұтынушылардың үлкен ауқымында қолдануға әзірлік деңгейі өте кең.
STEM саласында үздіксіз білім алмасуға мүмкіндік беретін қауымдастықтар - мектеп, университет және өнеркәсіп арасындағы серіктестік қатынастарды дамыта отырып, STEM саласында жаңа білім беру технологиясы мен материалдарын әзірлеу; Пәнаралық байланыс және қоғамдағы ынтымақтастық негізінде STEM білім беру моделінің сабақтастығын іске асыру.
Жобадан күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:
Жылы | Зерттеу бойынша алынған нәтижелері. Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат |
2024 жыл | Сенімді дереккөздердегі ғылыми мақалалар әртүрлі мәліметтер базалары (Web of Science, Scopus, Google Scholar) бойынша жинақталды және оларға талдау жүргізілді. STEM білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін мультиметодикалық зерттеу әдістері (сапалы зерттеу, мета және систематикалық талдау) қолданылды. Бұл әдістер «Мектеп-Университет-Өнеркәсіп» жүйесінде STEM білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік берді. Мектеп, университет және өнеркәсіп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету оқытудың бірізділігі, кәсіби бағдар, жаңа технологияларды меңгеру, инновацияларды енгізу, индустриялық тәжірибе, жұмыс беруші талаптарына бейімделу сияқты мүмкіндіктерді қарастырады. STEM білім беру моделінің сабақтастығын іске асырудың маңызын, инновациялық және STEM білім беру қызметін реттейтін жергілікті-нормативтік құжаттар, атап айтқанда жол картасы мен даму жоспары әзірленді. Зерттеу нәтижелері бойынша шетелдік басылымда 1 мақала жарық көрді: Zhaksylyk N., Kurbanbekov B., Pattayev A., Ramankulov Sh. Possibilities of using elements of robotics in teaching physics: interdisciplinary continuity in stem education. Polish journal of science № 77, 2024. 30-33p. https://zenodo.org/records/13336810 Жаратылыстану саласындағы пәндерді оқытуда білім алушыларға STEM мәселелерін үйрету, олардың оқу жоспарларымен байланысты өз жобалары бойынша оқу-практикалық зертханаларда жұмыс істеуге және өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламалары бойынша білім беру сапасын дамытуда ғылыми ортаның мүмкіндіктерін пайдалану және өндірісті интеграциялау әдістері қарастырылды. Пәнаралық STEM білім берудің еңбек нарығына әсері, өндіріс пен білім беру ұйымдарының сабақтастығын анықтайтын факторлар айқындалды. Зерттеу барысында мультиметодикалық сандық және сапалық зерттеу әдістері қолданылды. Wos және Scopus дереккөздеріндегі жоғары рейтингті журналдарда орын алған мақалаларға мета-анализ және систематикалық талдау жүргізілді. STEM зертханаларда физикалық білімді практикамен ұштастыру, ғылыми ортада STEM өнімдерді әзірлеу жұмыстарын жақсарту мақсатында сындарлы зерттеу әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижелері білім беру үдерісінде ғылыми орта және өндіріс байланысын тиімді іске асырудың еңбек нарығында білім алушыларды бәсекеге қабілетті болатындығын көрсетті. Сондай-ақ, зерттеу барысында STEM зертханасында өнімдер әзірлеудің технологиясы мен өнімдерді оқу үдерісінде қолданудың әдістемелік ерекшеліктері айқындалды. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалында 1 мақала жарық көрді; ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда 2 мақала жарық көрді. 1. Kelesbayev K.,Ramankulov Sh. Features of Ensuring the Continuity of STEM Education: the Results of Qualitative Research. 20th International Scientific research congress, full text book, Ankara, 2024. p.p.45-50. https://www.ubaksymposium.org/kitaplar/20._ubak_%C3%B6zet_kitap_.pdf 2. K. Kelesbaev, Sh. Ramankulov, B. Kurbanbekov, M. Rakhmatullayeva. The importance of implementing the continuity of the stem educational model: a combination of education, science and industry. Наука, новые технологии и инновации Кыргызстана № 3, 2024. p.p.215-219. DOI:10.26104/NNTIK.2024.48.35.057, https://elibrary.ru/item.asp?id=75097236 3. Раманкулов, Ш., Мұсахан, Н., Битибаева, Ж., Курбанбеков, Б. Берди, Д. Білім, ғылыми орта және өндіріс интеграциясы: STEM зертханасында өнімдер әзірлеудің әдістемелік ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 87, (3). 2024. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.87.3.024. |
2025 жыл | Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған, жаратылыстану пәндері интеграцияланған, STEM әдістемесіне негізделген «Қолданбалы STEM» атты курстың оқу бағдарламасы әзірленді және М.Қашқари атындағы мектеп-лицейіне, Жұмабек Тәшенов атындағы N23 ІТ- мектеп –лицейіне оқу үдерісіне ендірілді. Курс мазмұны STEM білім берудің үздіксіздік қағидатына сәйкес жасалды және 6В01503-Физика білім беру бағдарламасындағы «STEM-дағы физика» курсымен сабақтастық ескерілді. «STEM-дағы физика» курсының мазмұны STEM PjBL (STEM жобаларға негізделген оқыту) тәсіліне негізделген пәнаралық жобалардың тақырыптары негізінде құрылып, оқу-әдістемелік кешені әзірленді. Білім алушылардың кәсіпорынмен тәжірибелік білім алмасудың жоспары әзірленді бағдарламалық-әдістемелік құжаттамасға енгізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдарға 2 мақала баспаға қабылданды (маусым айында жарияланады). 1. Жабаев Е., КелесбаевК., Орманова Ғ. Болашақ мамандарды оқу үдерісіндегі 3D принтермен тиімді өндіріске даярлау: инженерлік және техникалық білім мысалында // Ясауиуниверситетініңхабаршысы. –2025. –No2(136). –Б. 407–418. https://doi.org/10.47526/2025-2/2664-0686.220 2. Жақсылык Н.Н., Каримжанов Я.Ш., Раманкулов Ш.Ж., Берди Д.К., Хикматулла Ш.А. CNC жүйелерінде STEM PJBL тәсіліне негізделген пәнаралық жобаларды оқу үдерінсіне енгізу мүмкіндіктері. Наука, новые технологии и инновации Кыргызстана № 1, 2025. - 3-10. DOI:10.26104/IVK.2024.44.53.001 Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалында 2 мақала жарық көрді: 1. Pattayev A., Kurbanbekov B.A., Karimzhanov Y.Sh. «Applied STEM» course: an opportunity to implement the continuity of the interdisciplinary education model. Materials of the International scientific and practical conference “Priority values of New Kazakhstan: from the innovative ideas of teachers of the 20th century to the modern innovations in education", Almaty, 2025. 216-221p.p. 2. Келесбаев К.Н, Раманкулов Ш.Ж., Берді Д.Қ., Жабаев Е.Х. STEM технология негізінде пәнаралық оқыту: физика, математика, химия және информатика байланысы мысалында. «Жаңа Қазақстанның басым құндылықтары: XX ғасыр педагогтерінің новаторлық идеяларынан білім берудегі заманауи инновацияларға» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Алматы, 2025. Б.278-283. Зияткерлік меншіктің 1 нысаны әзірленіп авторлық куәлік алынды: 3. Келесбаев К.Н., Тұрдалы А.Л., Раманкулов Ш.Ж., Түреқұлова А.Қ. «STEM жобаға негізделген оқыту» мобильді қосымшасы». ЭЕМ-ге арналған бағдарлама. 2025 жылғы «8» қаңтар № 53241. «Мектеп-Университет-Өнеркәсіп» жүйесінде практикалық семинарлар, тренингтер, жәрмеңкелер және бірлескен жобалар өткізілді. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстардың, STEM жобалардың тізбегі қалыптасты. 2025 жылдың қаңтар–ақпан айларында 10-нан астам жобалық жұмыс орындалып, қысқы мектептерде көрмелер ұйымдастырылды. STEM зертханалар мен шығармашылық кеңістіктер құрудың мазмұны мен ерекшеліктері айқындалды. Аталған бағытта жұмыстар жалғастырылуда. Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақала жарық көрді: K.Kelesbayev, Sh.Ramankulov, M.Nurizinova , B.Kurbanbekov, A.Pattayev (2025). STEAM's approach to physics: The impact of using LEGO robotics elements on academic achievement in laboratory classes. International Journal of Innovative Research and Scientific Studies, 8(1). 469-480. https://doi.org/10.53894/ijirss.v8i1.4180 (67- Процентиль). Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалында 1 мақала жарық көрді: Kazhymukan Kelesbayev, Ramankulov Sherzod, Karimzhanov Yakhyo, Pattayev Amin. Organizing researsh and practical activities in STEM education: the role of summer and winter schools. Materials of the international scientific and practical conference on the topic ‘modern approaches to the development of Science and education’, Fergana, Uzbekistan, 2025. 17-21p.p. |
2026 жыл | ЖОО-да орталықтандырылған STEM зертхана құрылады. 3D-printing модельдеу әдісі, инженерлік-техникалық нысандарға арналған сандық дизайн әдістері арқылы пәнаралық сипаттағы STEM өнімдер әзірленеді. Бір оқу құралы және бір монография жарық көреді. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалында 1 мақала жарық көреді; ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда 1 мақала жарық көреді. Зияткерлік меншіктің 1 нысаны әзірленіп авторлық куәлік алынады; «Flow-map» әдісі білім алмасу тәжірибисін тиімді іске асыруға ықпал етеді, аталған міндеттің шешімі мектеп және университет деңгейіндегі білімді өнеркәсіпте қолдануға немесе өнімдерді тұтынушыларға жеткізуге дейінгі графикалық модел және педагогикалық эксперименттің нәтижелері арқылы расталады. Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес)процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақала жарық көреді. |