Ахмет Ясауи университеті
Ғылыми жұмыстар
Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі. Жоба жетекшісі – Курбанбеков Бакытжан Алимханович, PhD, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы. .png)
Идентификаторлар:
Жобаның зерттеу тобы
№ | Аты-жөні | Жоба бойынша лауазымы | Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері |
1 | Курбанбеков Бакытжан Алимханович | Жоба жетекшісі, Аға ғылыми қызметкер | Хирш индексі h=4 Researcher ID: ISH-4941-2023 https://orcid.org/0000-0003-0868-6396 Scopus Author ID: 57126269200 |
2 | Раманкулов Шерзод Жумадуллаевич | Жетекші ғылыми қызметкер | Хирш индексі h=9 Researcher ID: ADB-9983-2022 https://orcid.org/0000-0002-4786-942X Scopus Author ID: 57195064454 |
3 | Усембаева Индира Бахытовна | Аға ғылыми қызметкер | Хирш индексі h=6 ResearcherID: KVF-9563-2024. https://orcid.org/0000-0002-8552-1803 Scopus Author ID 55865638800 |
4 | Беркімбаев Мейрамбек Оңғарбекович | Аға ғылыми қызметкер | Хирш индексі h=3 Scopus Author ID 57205194746 |
5 | Келесбаев Кажымукан Нурмаханбетович | Ғылыми қызметкер | Хирш индексі h=1 Scopus Author ID: 59299905000 |
6 | Асанбек Бексұлтан | Кіші ғылыми қызметкер |
Жобаның аңдатпасы
Болашақ физика мұғалімдерінің қарапайым құрал жабдықтар мен физикалық процестердің 3D моделін дайындап оны виртуалды шындық көзілдірігінде (VR көзілдірікте) қолдана алу қабілеттерін дамытудың ЖОО-дары дайындаған түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырумен қатар көптеген артықшылықтары бар. Осы артықшылықтар жаңа ғылыми-әдіснамалық проблемалық салаларда жобаның күтілетін нәтижелерінің практикалық маңыздылығымен өлшенеді. «Физиканың компьютерлік әдістері» пәнінінде болашақ физика мұғалімдері (студенттер) оқытушымен бірлесе физикалық құралдың жұмыс жасау принципін, физикалық құбылысты түсіндіре алатын 3D моделдерді дайындап VR көзілдірікте пайдалана алатындай шағын жоба ретінде дайындайды.
Мақсаты:
VR технологиясы арқылы физикалық экспериментті ұйымдастыру кезінде туындайтын мәселелерді шешуге, білім алушыларды физика ғылымына қызықтыруға, қашықтықтан оқыту жағдайы туындаса физикалық экспериментті шынайы өмірдегідей ұйымдастыруға құзыретті мұғалімдерді дайындау әдістемесін әзірлеу. Әзірлеген әдістеме арқылы болашақ физика мұғалімдерінің төртінші индустриялық революция жағдайында негізгі технологияның бірі болып саналытын VR технологияны қолана алатын жағдай жасау.
Жобадан күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:
Жылы | Зерттеу бойынша алынған нәтижелері. Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат |
2024 жыл | Болашақ физика мұғалімдерінің VR технологиясы саласындағы құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері бірнеше аспектілер арқылы айқындалды. Болашақ физика мұғалімдері үшін VR технологияларын қолдану білім беру процесін жаңашылдықпен қамтамасыз етеді. Виртуалды шындық (VR) технологиялары иммерсияның жоғары қарқындылығы бар виртуалды ортамен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. VR технологияларын қолдану арқылы физика заңдарын, құбылыстарын, эксперименттерін көрнекі түрде көрсету білім алушылардың танымдық процестерін жетілдіреді. VR құралдары арқылы болашақ мұғалімдер оқушыларға физикалық құбылыстарды виртуалды зертханаларда тәжірибелер жасау арқылы меңгерту әдістемесін үйренеді. Сондай-ақ, теориялық және практикалық негіздерді анықтауға бағдарлы зерттеуде 3D модельдеудің әртүрлі жаңа әдістері қолданылды. Жобалау әдісінің негізінде физикалық эксперименттердің механикаландырылған схемасы жасалды, оған сәйкес жабдық дайындалды. Педагогикалық экспериментте зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әзірленген өнімдердің әлеуеті салыстырмалы талдау әдістерін қолдана отырып бағаланды. Зерттеу нәтижесінде болашақ физика мұғалімдеріне қарапайым физикалық процестер мен жабдықтарды 3D модельдеуді үйрету әдістемесі жасалды және осы модельдерді VR көзілдірігінде қолдану мүмкіндіктері және оның тиімділігі негізделді. Студенттердердің және мектеп физика мұғалімдерінің физикалық экспериментті ұйымдастыру кезіндегі іс-тәжірибелеріне талдау жасалынды. Сауалнама арқылы физикалық тәжірибені ұйымдастыруда кездесетін мәселер анықталды: физикалық тәжірибелер жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтардың, құрылғылардың және материалдардың жетіспеушілігі; физикалық тәжірибелер, әсіресе, электр тогы, химиялық реакциялар немесе жоғары температуралармен байланысты тәжірибелер қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды талап етеді; тәжірибелерді ұйымдастыру және жүргізу көп уақыт алуы мүмкін; білім алушылар заманауи жабдықтарды қолдану бойынша жеткілікті білім мен дағдыға ие болмауы мүмкін; кейбір зертханалық құрылғылар жеткілікті дәлдікпен жұмыс істемейді, бұл есептеу мен талдауға әсер етеді; кейбір физикалық тәжірибелер қымбат құрал-жабдықтарды қажет етуі мүмкін, ал білім беру мекемелерінде қаржылық ресурстардың шектеулілігі сол тәжірибелерді орындау мүмкіндігін шектейді. Бұл мәселелерді шешу VR технологиясын қолданудың теориялық негіздерін айқындауға мүмкіндік берді. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалында 1 мақала жарық көрді: Kurbanbekov B. Vr Technology in Education: Practices in Organizing a Physics Experiment. 20th International Scientific research congress, full text book, Ankara, 2024. p.p.51-56. . https://www.ubaksymposium.org/kitaplar/20._ubak_%C3%B6zet_kitap_.pdf Қазіргі заман талабындағы білім беру үдерісінде физикалық тәжірбиелер үлкен маңызға ие болып табылады. Себебі, физикалық тәжірбиелер теориялық біліммен ғана шектеліп қоймай, теориялық білімді практикалық дағдылармен ұштастырады. Дегенмен, физикалық тәжірбиелерді жасауда дәстүрлі зертханалық жұмыстар жиі қымбат жабдықты, уақытты және қауіпсіздік шараларын талап етеді. Бұл физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды білім алушылардың жан-жақты зерттеп, үйрену мүмкіндігін шектейді. Білім беру үдерісінің дамуында VR технологиясында 3D моделдерді физикалық тәжірбиелерді ұйымдастыру мен өткізуде қолдану елеулі үлесін қосады. VR технологиясының көмегімен білім алушылар қауіпті материалдарсыз және күрделі жабдықтарсыз тәжірибелерді жүргізе алады. Бұл өз кезегінде оқудағы іс-әрекеттерді оңтайлы әрі қауіпсіз етеді. Бұл міндетке сәйкес VR технологиясын қолданудың ерекшеліктері, физиканы оқытуда қолданудың тиімділігі анықталды. Зерттеу барысында білім беру үдерісіндегі VR технологиясының әсері, тиімділігі, сондай-ақ, VR технологияларды қолдану арқылы оқу нәтижелеріне қол жеткізу мүмкіндіктері айқындалды. Мета-анализ әдісі, сауалнама әдісі, математикалық-статистикалық талдау және т.б. әдіс-тәсілдер арқылы зерттеу нәтижелері VR технологиясын физика тәжірбиелерінде қолданудың артықшылықтары мен оны білім беру үдерісін дамытудағы мүмкіндіктерін көрсетті. «Физиканың компьютерлік әдістері» пәнінің оқу әдістемелік кешені жаңартылды. ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда 1 мақала жарық көрді және зияткерлік меншіктің 1 нысаны әзірленіп авторлық куәлік алынды: 1. Asanbek, B. Ways to prepare 3D models of physical experiments for virtual reality (VR) glasses / B. Asanbek, B. Kurbanbekov // Наука, новые технологии и инновации Кыргызстана. – 2024. – No. 3. – P. 260-263. – DOI 10.26104/NNTIK.2024.64.59.055. – EDN MPLTLP. 2. Курбанбеков , Б., Битибаева, Ж., Асанбек, Б. і Раманкулов, Ш. 2024. Физикалық тәжірибелерді ұйымдастыру және өткізу: vr технологиясын қолданудың ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2024), 252–261. DOI: https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.88.4.025 3. Асанбек Б., Курбанбеков Б., Аханова Ә., Раманкулов Ш. Physics STEM Activity: A Tool for the Effective Implementation of Physical Experiments by Future Physics Teachers. Авторлық куәлік 2024 жылғы «7» тамыз № 48909 |
2025 жыл | 6В01503-Физика білім беру бағдарламасындағы «Физиканың компьютерлік әдістері» пәнінің пререквизиттерін ескере отырып, «Физикалық эксперименттерді VR технологиясы арқылы ұйымдастыру негіздері» атты оқу құралы әзірленді және баспаға ұсынe жұмыстары жүргізілуде. Оқу құралы физикалық құбылыстарды визуализациялау, виртуалды зертханалар құру және VR-ортаны педагогикалық мақсатта пайдалану бойынша әдістемелік, теориялық және практикалық материалдарды қамтиды. Зерттеу нәтижелері бойынша ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда 2 мақала жарық көрді: 1. Еділбаев Е., Курбанбеков Б. Қашықтықтан білім беру жағдайында STEAM CLIL технологиясын қолданудың тиімділігі // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2025. – №1 (135). – Б. 444–458. https://doi.org/10.47526/2025-1/2664-0686.177 2. Курбанбеков Б.А., Уалихан А.Ш., Усембаева И.Б. Виртуалды шындық (vr) технологиясы арқылы оқыту: «физиканың компьютерлік әдістері» курсының мысалында. Наука, новые технологии и инновации Кыргызстана № 1, 2025. 11-16. DOI:10.26104/IVK.2024.44.53.001 Алынған нәтижелерге математикалық-статистикалық талдаулар жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша Scopus базасында кемінде 50 (елу) процентилі бар кемінде 1 (бір) мақала жарияланды: B.Kurbanbekov, M.Nurizinova , Sh.Ramankulov , Y.Yergobek, M.Akeshova. International Journal of Innovative Research and Scientific Studies, 8(1) 2025, pages: 1077-1086. https://doi.org/10.53894/ijirss.v8i1.4532 (67-процентиль). |
2026 жыл | Виртуальды шындық технологиясына негізделген бағдарламалық өнімдерді жасақтау және оқу үдерісіне енгізу. Зерттеу нәтижелері бойынша монография жарыққа шығару. Жалпы білім беретін орта мектептерге Виртуальды шындық технологиясына негізделген курстарды енгізу тұжырымдамасын әзірлеу және оның әлеуетін бағалау. Зерттеу нәтижелері бойынша шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау. |