• image image image image
  • shape
    shape

    Бағдарламалар

    Ахмет Ясауи университеті / Ғылыми жұмыстар / 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары

    AP23488203 - Мектеп жасына дейінгі балалардың даму мониторингі және оларға скрининг жасаудың Қазақстандық стандарты

    Course Image Ахмет Ясауи университеті Ғылыми жұмыстар

     

    Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі.

     

    Жоба жетекшісі –  Куралбаева Алия Ахметкаримовна – PhD, доцент.

     

    Идентификаторлар:

    Жобаның зерттеу тобы

    Аты-жөні

    Жоба бойынша лауазымы

    Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері

    1

    Куралбаева Алия Ахметкаримовна

    Жоба жетекшісі, Орындаушы

    https://orcid.org/0000-0003-3166-5104

    Scopus Author ID: 56043385300

    2

    Пилтен Гулхиз

    Орындаушы

    https://orcid.org/0000-0001-5575-9741

    Scopus Author ID: 36544479700

    3

    Тасова Асел Баймурзаевна

    Орындаушы

    Researcher ID: GZB-1793-2022

    https://orcid.org/0000-0001-6476-7874

    Scopus Author ID: 57195060623

    4

    Ибрагимова Акбаян Ахметкаримовна

    Орындаушы 

    Researcher ID:  JNS-7793-2023

    https://orcid.org/0009-0008-6134-564X   

    5

    Құдайберген Жансая Үсенбайқызы

    Орындаушы

    Scopus Author ID: 57201288607

    https://orcid.org/0009-0004-1298-5641

     

    Жобаның аңдатпасы

    Әдетте сыртқы түрі қалыпты және дамудың артта қалу белгілері физикалық тексеру кезінде анықталмайтын балаларды тану және емдеу бала денсаулығының ең маңызды мәселелері болып табылады. Осы себепті 0-6,5 жас аралығындағы балалардың дамуындағы ақауларды анықтауға болатын скринингтік тесттер қажет. Денвер II даму скринингі тесті 0-6,5 жас аралығындағы балалардың даму күйін анықтауға және қолдануға оңай тест болып табылады. Тестті тәжірибе сертификатын алған мектепалды даярлық педагогтары да пайдалана алатындықтан, ол балалардың ерте жаста дамуының артта қалуын анықтауға мүмкіндік береді. Осы мақсатта әлемнің 50-ден астам елінде стандартталған Денвер II даму скринингтік тесті қазақстандық стандарттын жасау арқылы Қазақстандағы балаларға қолданылуы өте маңызды.

    Мақсаты:

    Бұл жобаның мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын бақылау және скринингтік тексеру үшін Денвер II даму скринингтік тестінің қазақстандық стандарттын құру болып табылады. Осы мақсатта Денвер II тестін қазақ балаларына қолдануға болатындай ету және Қазақстандағы мектепке дейінгі мекемелерде, балаларды сауықтыру орталықтарында және балалар ауруханаларында Денвер II даму скринингін қолдануды кеңейту.

     

    Жобадан күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:

     

    Жылы

    Зерттеу бойынша алынған нәтижелері.

    Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат

    202жыл

    Денвер ІІ скринингтік тестінің жасалуы мен қолданысқа енгізілу жолдары зерделеніп, тест тапсырмалары түпнұсқа тілден (ағылшын) қазақ тіліне аударылады.  Тесттегі тапсырмаларды қазақ мәдениетіне бейімделіп, магистранттар мен студенттерге тест тапсырмасына байланысты семинар өткізіледі.

    2025 жыл

    Денвер ІІ скринингтік тестін стандарттау жолдарын зерделеу мақсатында нормативтік үлгі мәліметтерді жиналып, мектеп жасына дейінгі балалардан тест алынады. Валидтілік және сенімділік есептеулерін жасалып, Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша ҚР ҒЖБССҚК тізіміне кіретін журналдарға 4 мақала жариялау. 

    Денвер ІІ скринингтік тестін стандарттау жолдарын зерделеу мақсатында Түркия Республикасы, Стамбул қаласында орналасқан Стамбул медениет университетіне іссапар жүзеге асырылып, Білім беру факультеті, Бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары доктор Эмине Аййылдыз, доктор Нихан Шахинкая, профессор доктор Йешим Гулеш Асланнан зерттеу үлгісін анықтау бойынша кеңес алынды. Ал, Денвер ІІ скринингтік тестін стандарттау жолдарын зерделеу мақсатында Түркия Республикасы, Анкара қаласында орналасқан Хажетепе университетіне іссапар алдағы уақытта жүзеге асырылып, зерттеу үлгісі анықталғаннан кейін нормативтік деректерді жинау үдерісі басталады.

    ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 2 (екі) мақала жарияланды: 

    1. Denver II and other developmental screening tests' significance in assessing child development / Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, No1(85), 2025 ж. 320-331 б.

    https://bulletin-pedagogy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/3880/1022  

    https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.85.1.030

    2026 жыл

    Денвер ІІ даму скринингтік тестінің Қазақстандық стандарты атты әдістемелік құралы дайындалып жарияланады,           Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе Social Science Citation Index индекстелетін және Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) мақала жарияланады; авторлық куәлік алынады. Денвер II даму скринингтік тестін кеңінен қолдану үшін тренингтер, семинарлар және сертификаттау бағдарламалары ұйымдастырылады.