• image image image image
  • shape
    shape

    Бағдарламалар

    Ахмет Ясауи университеті / Ғылыми жұмыстар / 2025-2027 жылдарға гранттық қаржыландыру жобалары

    AP26102763 - «Метаболизмдік синдромы бар науқастардың тіс денсаулығына генетикалық маркерлердің, иммундық статустың және минералды алмасудың әсері»

    Course Image Ахмет Ясауи университеті Ғылыми жұмыстар

     

    Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру.

     

    Жоба жетекшісі –  Садыкова Карлыгаш Жарылкасыновна, PhD, қауымдастырылған   профессор.

     

    Идентификаторлар:

     

    Жобаның зерттеу тобы

    Аты-жөні

    Жоба бойынша лауазымы

    Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері

    1

    Садыкова   Карлыгаш Жарылкасыновна

    Жоба жетекшісі

    Хирш индексы: 3

    https://orcid.org/0000-0002-9120-8565

    Scopus Author ID: 56940845900

    ResearcherID: AAF-5211-2021

    2

    Нускабаева Гульназ Оразбековна

    Бас ғылыми қызметкер

    Хирш индексы:: 3

    Scopus Author ID: 56940716100

    https://orcid.org/0000-00022906-1427

    Researcher ID: DKY-4438-2022

    3

    Татыкаева Угилжан Бурхановна

    Ғылыми қызметкер 

    Хирш индексы: 1

    Scopus Author ID: 57989288300

    Scopus Author ID: 57989288300   

    https://orcid.org/0000-0002-7519-479X

    4

    Нұрдинов Нұрсұлтан Сейсенбайұлы, высшее

    Ғылыми қызметкер

    Хирш индексы: 4

    Researcher ID: AAX-7747-2021

    https://orcid.org/0000-0001-5341-7211

    Scopus Author ID: 57205732898

    5

    Жолдасова Нургуль Жанабаевна

    Ғылыми қызметкер

    Scopus Author ID 57311652300

    https://orcid.org/0000-0002-4289-9195

    6

    Сейсенбаева Акерке Сенбаевна

     

    Хирш индексы3

    Researcher ID: E-1621-2015 

    https://orcid.org/0000-0003-0387-9076

    7

    Кожамбекова Эльмира Асанбаевна

    Ғылыми қызметкер

    Scopus Author ID: 57778848900

    https://orcid.org/0009-0004-7380-5122

    8

    Ержан Арайлым Ерғалиқызы.

    Кіші ғылыми қызметкер

    https://orcid.org/0000-0003-0319-3138

     

    Жобаның аңдатпасы

    Соңғы жылдары жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынуынан болатын өлім мен мүгедектік деңгейі жоғары болып қалуда.  Осыған байланысты, жүрек-қан тамырлары қауіп факторларының кластері ретінде метаболизмдік синдромның ағымын тиімді бақылау өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасында метаболизмдік синдромның таралуы айтарлықтай жоғары және ересек тұрғындардың төрттен бірінен астамында кездеседі. Метаболизмдік синдромның дәстүрлі компоненттерінен басқа, жүрек-қан тамырлары ауруларының қосымша қауіп факторлары соңғы кезде көп қызығушылық тудыруда. Науқастардың стоматологиялық денсаулығы, оның ішінде тіс кариесі, периодонт аурулары, гингивит, пародонтит, ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары жүрек-қан тамырлары қаупімен байланысты екендігі туралы деректер бар.

    Екінші жағынан, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы халқының стоматологиялық денсаулығының нашарлауы байқалады. Әртүрлі елдерде жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер метаболизмдік синдромның қабыну және деструктивті пародонт зақымдануының даму қаупін арттыратынын көрсетеді. 

    Сонымен қатар, қазіргі уақытта метаболизмдік синдром мен стоматологиялық патологиялар арасындағы байланыс механизмі аз зерттелген. Бұл жобаның нәтижесінде метаболизмдік синдром мен тіс денсаулығы арасындағы байланыс клиникалық, биохимиялық және генетикалық көрсеткіштер тұрғысынан зерттелетін болады. 

    Бұл жобаның артықшылығы – минералды зат алмасудың бұзылуына және стоматологиялық патологиялармен байланысты метаболизмдік синдромның генетикалық және иммундық механизмдерін зерттеуге бағытталған мультидисциплинарлық көзқарас болып табылады. Стоматологиялық патологиялар мен метаболизмдік синдром жиі қатар жүретіндіктен және бір-біріне теріс әсер ететіндіктен, зерттеу нәтижелері профилактикалық шараларды оңтайландыру және екі жағдайды басқарудың жекелендірілген стратегияларын әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін. 

    Әлеуметтік әсер :

    - стоматологиялық тексеруді қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларының скринингтік бағдарламасына енгізудің ғылыми негіздемесі,

    - нәтижелердің стоматологиялық денсаулықты жақсартуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қосқан үлесі,

    - стоматологиялық патология, метаболикалық синдром және ЖҚА даму қаупі арасындағы байланыс туралы халықтың хабардарлығын арттыру арқылы профилактикалық бағдарламаларды күшейту

    Экономикалық әсер:

    -Метаболикалық синдромы бар адамдарда стоматологиялық патологияның алдын алу және бақылау жөніндегі шараларды оңтайландыру тәуекел факторларын түзетуге және жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге, стоматологиялық қызметке бөлінетін бюджет қаражатына қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

     

    Мақсаты:

    Метаболизмдік синдромы бар науқастардың тіс денсаулығымен генетикалық предикторлардың, иммундық статустың және минералды алмасу көрсеткіштерінің байланысын зерттеу.

     

    Жобадан күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:

     

    Жылы

    Зерттеу бойынша алынған нәтижелері.

    Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат

    2025 жыл

    Зерттеу хаттамалары, пациенттерді тексеру карталары (ақпараттандырылған келісіммен), пациенттерге арналған сауалнамалар және жобаны орындаушыларға арналған әдістемелік нұсқаулықтар әзірленді және кейіннен таратуға дайындалды. 

    Генетикалық зерттеу мен гендердің полиморфизмдерін анықтауға арналған реагенттер мен шығын материалдарын сатып алу үшін бірқатар жеке кәсіпкерлермен және мекемелермен шарттар дайындалып, жасалды. Зерттелген гендер: IL-6 (rs1800795, rs1800796) және D3 витаминінің рецепторы (rs739837, rs4516035, rs11568820).

    2026 жыл

    Жобаның IІ кезеңге арналған жұмыс жоспары әзірленіп, бекітіледі.

    Метаболикалық синдромы бар пациенттердің ауыз қуысының қабыну ауруларында иммунологиялық бұзылыстардың рөлін бағалау мақсатында иммунологиялық зерттеулер жүргізу үшін қан алынады.

    D дәрумені рецепторлары мен интерлейкин-6 гендерінің полиморфизмдерін анықтау бойынша генетикалық зерттеулер жүргізіледі. Гендердің полиморфизмдерінің метаболикалық синдром патогенезіндегі және онымен қатар жүретін стоматологиялық патологиядағы рөлін анықтау үшін талдау жасалады.

    Стоматологиялық, клиникалық, зертханалық, иммунологиялық және генетикалық зерттеулердің нәтижелері енгізілген тұтас деректер базасы жасалады.

    Деректерге статистикалық өңдеу жүргізіліп, оның нәтижесінде рецензияланатын ғылыми басылымда Science Citation Index Expanded базасына енгізілген және Web of Science деректер қорында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) және (немесе) 2 (екінші) квартильге кіретін, сондай-ақ Scopus базасында CiteScore көрсеткіші кемінде 65 (алпыс бес) процентильден төмен емес журналда 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланады. Сонымен қатар, КОКСНВО журналында 1 (бір) мақала жарияланады.

    2027 жыл

    Жобаның IІІ кезеңге арналған жұмыс жоспары әзірленіп, бекітіледі.

    Деректерге статистикалық өңдеу жүргізіліп, оның нәтижесінде рецензияланатын ғылыми басылымда Science Citation Index Expanded базасына енгізілген және Web of Science деректер қорында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) және (немесе) 2 (екінші) квартильге кіретін, сондай-ақ Scopus базасында CiteScore көрсеткіші кемінде 65 (алпыс бес) процентильден төмен емес журналда 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланады. Сонымен қатар, КОКСНВО журналында 2 (екі) мақала жарияланады.

    «Метаболикалық синдромы бар пациенттердегі стоматологиялық патологияның даму предикторлары» атты монография жарық көреді.

    Халықаралық конференцияларға қатысу үшін баяндамалар дайындалады.

    Оқу-әдістемелік құрал басылып шығады, енгізу актілері және ЕСКД бойынша жобалық-конструкторлық құжаттама әзірленеді.

    Қорытынды есеп жазылады.