Ахмет Ясауи университеті
Ғылыми жұмыстар
Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру. Жоба жетекшісі – Ниязова Гулжан Жолаушиевна, п.ғ.к., Инженерия факультеті, Компьютерлік инженерия кафедрасы доценті. .png)
Идентификаторлар:
Жобаның зерттеу тобы
№ | ТАӘ | Жоба бойынша лауазымы |
1 | Ниязова Гулжан Жолаушиевна | Жоба жетекшісі |
2 | Берди Динара Кадирхановна | Жауапты орындаушы |
3 | Усембаева Индира Бахытовна | жетекші ғылыми қызметкер |
4 | Жунисов Нурсейт Мухидинович | жетекші ғылыми қызметкер |
5 | Аманов Ануарбек Нұрсейітұлы | жетекші ғылыми қызметкер |
6 | Абен Арыпжан Бактиярович | ғылыми қызметкер |
7 | Миндетбаева Акнур Амангельдиевна | ғылыми қызметкер |
8 | Дуйсекеева Балжан Мейірбекқызы | ғылыми қызметкер |
9 | Вакансия | ғылыми қызметкер |
- отандық және шетелдік орта білім беру ұйымдарында жаратылыстану ғылымдары пәндерін (информатика, физика, химия) оқытудың қолданыстағы әдістерін салыстырмалы талдау, білім берудегі жасанды интеллект пен геймификация технологиясының рөлін, цифрлық ортаны анықтау және оның оқыту сапасына әсерін бағалау, жасанды интеллект арқылы жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқытуды дербестендірудің геймификацияланған цифрлық ортасының қалыптасқан тәжірибелерін айқындау, бар теорияларды, модельдерді зерттеу.
- жаратылыстану пәндерін (информатика, физика, химия) оқытуды дербестендірудің геймификацияланған жасанды интеллектілі цифрлық ортасы құрылады; әзірленіп жатқан цифрлық ортада кешенді теориялық білім беру, практикалық тапсырмаларды орындау кезінде геймификация технологиясын (интерактивті, проблемалық ойындар желісі) пайдалану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін интеграциялау, интерактивті проблемалық тапсырмаларды құру, оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау кезінде деңгейлік тест модельдерін зерттеу;
- Social Science Citation Index индекстелетін және web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасында кемінде 50 (елу) CiteScore бойынша процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақала немесе шолу жариялау; - БҒССБК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдардағы 2 (екі) мақала және (немесе) шолулар; 2(екі) халықаралық конференцияға жариялау;
- жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктері мынадай бағыттар бойынша жетілдірілетін болады: дербестендіру, білім беруде жасанды интеллектті қолдану, геймификацияланған цифрлық орта арқылы оқытудың қазіргі заманғы әдістемелері; әзірленген цифрлық ортаны пайдаланудың оқу процесіне, нәтижелерге әсерін терең зерделеу, бірнеше мектептерде (кемінде екеуінде) құрылған цифрлық ортаны пилоттық тестілеуді өткізу. Зерттеу нәтижелерінің тиімділігін анықтау, білім алушылардан, мұғалімдерден кері байланыс деректерін жинау және талдау, сондай-ақ пәннің оқу нәтижелеріне әсерін зерттеу үшін тәжірибелік-эксперименттік зерттеулердің нәтижелері бойынша деректер талданатын болады; алынған нәтижелердің көмегімен қалыптастырылған геймификацияланған цифрлық ортаны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Оқушылардың жаратылыстану пәндерінің (информатика, физика, химия) материалын түсінуі мен игеруін бақылау үшін қолданылатын бағалау, кері байланыс әдістері іске асырылады.
- 1(бір) мақала немесе шолу Social Science Citation Index-те индекстелетін және web of Science базасында импакт - фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасында citescore бойынша кемінде 50 (елу) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда 1(бір) мақала; БҒССБК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда 2 (екі) мақала және(немесе) шолу; халықаралық конференцияда бір баяднама жарияланады. Мақалалардың бірі - multidisciplinary (көпсалалы немесе пәнаралық қолдану) санатында болады.
- диссертация тақырыбы жоба тақырыбына сәйкес келетін 1 (бір) философия докторы (PhD) дайындалады.
Мақсаты:
Жасанды интеллектпен геймификацияланған цифрлық орта құру және оны жаратылыстану пәндерін оқытуды дербестендірудің білім беру процесінде қолдану арқылы оқушылардың жаратылыстану пәндерін меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған оқытудың инновациялық технологиясын әзірлеу.
Жобадан күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:
Жылы | Зерттеу бойынша алынған нәтижелері. Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат |
2025 жыл | Web of Science, Scopus және Google Scholar секілді сенімді дереккөздер бойынша зерттеу материалдары жинақталып, зерттеулердің әдістері, нәтижелері мен шектеулері талданды. Отандық және шетелдік орта білім беру ұйымдарында жаратылыстану пәндерін оқытудың қазіргі әдістеріне салыстырмалы талдау жасалды. Білім берудегі жасанды интеллект пен геймификация технологияларының рөлі анықталып, цифрлық ортаның оқу сапасына ықпалы бағаланды. Цифрлық білім беру саласындағы зерттеулерге библиометриялық және мазмұндық талдау жүргізілді. Цифрлық орта ұғымына контент-талдау жасалып, цифрлық білім беру ортасының құрамдас бөліктерінің жіктелуі әзірленді. Сонымен қатар цифрлық ортаның білім беру процесіндегі рөлі мен оқу сапасына әсері қарастырылды. Жасанды интеллект арқылы жаратылыстану пәндерін жеке дара оқытуды қамтамасыз ететін геймификацияланған цифрлық ортаның қалыптасқан тәжірибелері айқындалды. Бар қолданыстағы теориялар мен модельдер зерттелді. Жаратылыстану пәндерін (информатика, физика, химия) оқытуға арналған білім беру платформаларында жасанды интеллект пен геймификацияны біріктіру әдістері зерделенді.
Нәтижесінде жасанды интеллект элементтері бар геймификацияланған цифрлық ортаны құру архитектурасының негізгі құрамдас бөліктері мен олардың өзара әрекеттесу логикасы теориялық тұрғыдан негізделіп, негізгі талаптар тұжырымдалды. Ниязова Г.Ж., Қойшығара К.Е. Білім берудегі жасанды интеллект технологиясының рөлі. Торайғыров университетінің 65 жылдығына арналған «ХVII Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Павлодар қаласы, 17 қазан 2025 жыл. https://sci-conf.tou.edu.kz/conference.php?id=61&lang=kaz Aben A., Ниязова Г.Ж., Дүйсекеева Б. Жаратылыстану ғылымдарын оқытудағы геймификацияның оқу нәтижелеріне әсері. 12-ші «International Education and Innovative Sciences Congress» халықаралық ғылыми конференциясы. Анкара қаласы, 23–24 қараша 2025 жыл. Ұйымдастырушы: Ankara Büyükşehir Belediyesi, Ulus Genç Akademi. |
2026 жыл | -жаратылыстану пәндерін (информатика, физика, химия) оқытуды дербестендірудің геймификацияланған жасанды интеллектілі цифрлық ортасы құрылады; әзірленіп жатқан цифрлық ортада кешенді теориялық білім беру, практикалық тапсырмаларды орындау кезінде геймификация технологиясын (интерактивті, проблемалық ойындар желісі) пайдаланаылады, жасанды интеллект мүмкіндіктері интеграцияланады, интерактивті проблемалық тапсырмалар құрылады, оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау кезінде деңгейлік тест модельдері жобаланады. - Social Science Citation Index индекстелетін және web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасында кемінде 50 (елу) CiteScore бойынша процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланады; - БҒССБК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдардағы 2 (екі) мақала және (немесе) шолулар; 2(екі) халықаралық конференцияға жарияланады. |
2027 жыл | -Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктері мынадай бағыттар бойынша жетілдірілетін болады: дербестендіру, білім беруде жасанды интеллектті қолдану, геймификацияланған цифрлық орта арқылы оқытудың қазіргі заманғы әдістемелері; әзірленген цифрлық ортаны пайдаланудың оқу процесіне, нәтижелерге әсерін терең зерделеу, бірнеше мектептерде (кемінде екеуінде) құрылған цифрлық ортаны пилоттық тестілеуді өткізу. Зерттеу нәтижелерінің тиімділігін анықтау, білім алушылардан, мұғалімдерден кері байланыс деректерін жинау және талдау, сондай-ақ пәннің оқу нәтижелеріне әсерін зерттеу үшін тәжірибелік-эксперименттік зерттеулердің нәтижелері бойынша деректер талданатын болады; алынған нәтижелердің көмегімен қалыптастырылған геймификацияланған цифрлық ортаны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Оқушылардың жаратылыстану пәндерінің (информатика, физика, химия) материалын түсінуі мен игеруін бақылау үшін қолданылатын бағалау, кері байланыс әдістері іске асырылады. -1(бір) мақала немесе шолу Social Science Citation Index-те индекстелетін және web of Science базасында импакт - фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасында citescore бойынша кемінде 50 (елу) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда 1(бір) мақала; БҒССБК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда 2 (екі) мақала және(немесе) шолу; халықаралық конференцияда бір баяднама жарияланады. Мақалалардың бірі - multidisciplinary (көпсалалы немесе пәнаралық қолдану) санатында болады. -диссертация тақырыбы жоба тақырыбына сәйкес келетін 1 (бір) философия докторы (PhD) дайындалады. |