Хабарландырулар

  • image image image image
  • shape
    shape

    Спорт және спорттық инфрақұрылым

    Спорт және спорттық инфрақұрылым

    Университетімізде жастарды салауатты да, дені сау етіп тәрбиелеу жұмысы жүйелі жүргізілуде. Студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, спорттық-сауықтыру орталығында 11 спорттық үйірме (қазақ күресі, самбо, дзюдо ерлер, қыздар, бокс ерлер, қыздар, таеквондо ерлер, қыздар, еркін және әйелдер күресі, баскебол, волейбол, үстел тениисі, ауыр атлетика, футбол) және №1, №2 жатақханаларында ашылған фитнес залдары жұмыс жасайды. Олармен 17 аға бапкер оның ішінде Қазақстанға белгілі жаттықтырушылар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары А.Халилаев пен М.Файзиев, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Р.Құралбаев,  Құрметті спорт қызметкерлері Е.Балғабаев, М.Бугенбаев және Б.Абдукаримов, ҚРСШ және спорт нұсқаушылары жаттығу жұмыстарын жүргізеді.