Атқарылған жұмыстар
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Инклюзивті білім беруді қолдау орталығының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары
Инклюзивті білім берудің әлем бойынша өзекті мәселе болып табылады және өзіне ерекше назарды талап етеді, өйткені жыл сайын ерекше білімді қажеттіліктері бар балалардың саны артып келеді.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бұл мәселе сондай ақ, өзіндік шешімін талап етеді, себебі бұл жерде денсаулығы мүмкіндіктері шектеулі (ЕБҚ) 56 студенттер білім алуда. ЕБҚ тұлғалардың оқуға түсу, оқу, жұмысқа орналасу кезеңдерінде университет тіркеу жүргізіп отырады.
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруын оқу-әдістемелік қамтамасыз ететін білім беру технологияларын және оқыту құралдары мен әдістерін таңдау, білім беру бағдарламасын меңгеруінде білім алушылардың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу қажеттігінен туындайды, сондай-ақ ЕБҚ тұлғалардың жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
ЕБҚ білім алушылардың ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттау формасын (ауызша, жазбаша, қағазға жазбаша түрде компьютерде тестілеу түрінде және т. б.) жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып белгіленеді.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-ң ПОҚ үшін «оқу процесінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік-педагогикалық оңалту механизмдері», «Инклюзивті білім берудің аспектілері» атты семинар-практикум өткізілді. 2025ж. Аталмыш семинарға 100 астам оқытушы қатысты.
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы инновациялық технологиялар» атты семинар-практикумы мектеп және университет оқытушыларын біріктірді.
2025ж 06.01.2025-17.01.2025ж аралығында 103 ОПҚ Түркістан кампусынан, 114 ОПҚ шымкент кампусынан біліктілігі жетілдірілді.
2025 қаңтар айынан бастап «Біліктілікті арттыру орталығының» ұйымдастыруымен оқу ордамыздың қызметкерлеріне 72 сағаттық 2-апталық «Инклюзивті білім берудегі оқыту дағдыларының мазмұны» тақырыбында біліктілікті арттыру курсына 800 ден астам ОПҚ қатысты.
https://www.facebook.com/share/1DEC9neekK/?mibextid=wwXIfr
- Курстың мақсаты-тыңдаушылар мүмкіндігі шектеулі студенттердің жалпы білім беру мекемелерінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу.
- - студенттердің қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;
- -ЕББҚ білімгерлер үшін жайлы орта қалыптастыру.
Осы санаттағы студенттерді алып жүретін адамдарға университеттің есігі әрқашанда ашық. Университетте Инклюзивті ресурсты орталық 2020 жылдан бастап жұмыс істейді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрықтың 38 тармағында көрсетілген «Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалар үшін арнайы білім беру жағдайы жасалынады» деген талапты орындау мақсатында университеттің №1/243. 24.02.2022 жылғы бұйрығы негізінде «Инклюзивті білім беру ресурстық орталығының» меңгерушісі п.ғ.к., доцент аймақтық тренер Тоққулова Гулсара Төлебекқызы, педагог-психолог п.ғ.к., доцент тренер Джаздыкбаева Мария Ботайқызы қызмет етеді.
2025ж, мамыр айында Түркия республикасы, Анкара қаласындағы Гази университетінде тәжірибе алмасу болды.
https://www.facebook.com/share/1716Jkfna5/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/v/18D5S4LCP5/?mibextid=wwXIfr
2025ж. 21-24 қазан аралығында Шымкент қаласында өткен «Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллектіні пайдалану: Орта Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы ( САRЕС) өңірі үшін масштабталған модель» атты конференцияға қатыстым.
https://www.facebook.com/share/r/1a8xX3Arhz/?mibextid=wwXIfr
ҚР Президенті әкімшілігінің «Инклюзивті Ассамблея» жобасының тұжырымдамасы талқыланып, «Инклюзивті Ассамблея» құрылды.
https://www.facebook.com/share/p/1CgfyCtGwN/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/p/1KaiDKyWu8/?mibextid=wwXIfr
Түркістан облысы Ынтымақ қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып этнос өкілдерімен «Тілге құрмет, Елге құрмет» тақырыбында Достық үйінде, «Инклюзивті Ассамблея» қатысуымен ауқымды іс-шара өтті.
https://www.facebook.com/share/p/1DEKoiv7X4/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/18AUMs1vBF/?mibextid=wwXIfr
Көзі нашар көретін студенттер үшін «Optelec» алынып қолданысқа берілді.
Инклюзивті білім беруді қолдау орталығының басшысы: п.ғ.к., Г.Т.Тоққұлова
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті конкурс жариялайды
«B013 – Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында XVIІІ Республикалық пәндік олимпиадасы
26-27 наурыз күндері Биология кафедрасы / «Ботаникалық бақ» ғылыми-зерттеу институты тарапынан «АГРОБИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРІ» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми - теориялық конференциясы ұйымдастырылып отыр.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Спорт факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Заң факультеті мен Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды 