2024-2025 оқу жылына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығында білім алғысы келетін Түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардан талапкерлердің өтініштерін қабылдау басталды.

  • 18.04.2024
  • KZ

image

2024-2025 оқу жылына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Дайындық орталығына «Түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардан келген тыңдаушыларды» Қазақстан Республикасы тарапынан бөлінетін (ТТЕ) мемлекеттік грант пен Түркия квотасы негізінде оқуға қабылдау жұмыстары басталды.

ТТЕ грант дегеніміз не?

-Түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтарға арналған арнайы грант. Қабылданған тыңдаушыларға Қазақстан мен Түркия Республикасы тарапынан шәкіртақы беріледі және жылына бір рет келіп-кету жолақы шығындары төленеді.

Құрметті талапкерлер (шетел азаматтары)!

Сіздер үшін 17.04.2024 - 07.07.2024 ж. аралығында онлайн түрінде құжаттар тапсыру сайты https://ttestudentsadmission.ayu.edu.kz/ru-RU/kayit  ашық болатынын хабарлаймыз!

Сайтқа құжаттарыңызды толық және PDF форматында жүктеу қажет.

Ескерту: онлайн түрінде өтініш бермеген талапкерлердің құжаттары қабылданбайды.

Қабылдау ережесіне сілтеме: talapker.ayu.edu.kz

Қажетті құжаттар:
Төлқұжат
Мектеп аттестаты / колледж дипломы
Транскрипт
Ұсыным хат
Уәждемелік хат
Соңғы алты ай ішінде түсірілген 1 дана сурет

Егер бар болса:
Сертификат
Алғыс хат

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕГІ ТЫНЫС-ТІРШІЛІК

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақстан Республикасы Түркістан қаласында орналасқан. Университет орталығы Түркістан қаласында. Бұдан бөлек Кентау, Шымкент және Алматы қалаларында оқу ғимараттары орналасқан. Түркістан кампусында шамамен 650 орындық ұл және қыздар жатақханалары қызмет етуде және жатақхана ақысы айына 10000 теңге, АҚШ долларына шаққанда 22 доллар болып табылады. Жатақханалардағы бөлмелер 2-3, 4-6 орындық. Жатақханалар орналасқан кампуста оқу залдары, кітапхана, асхана, теннис, футбол мен баскетбол ойын алаңдары, емхана және буфеттер бар. Студенттер жатақхана ақысы және басқа жеке шығындарын өздері төлейді. Дайындық орталығы Кентау қаласында. Кентау қаласында шамамен 300 орындық, бөлмелері 3-4 адамға арналған ұлдар және қыздар жатақханасы бар. 

ОҚУ, ШӘКІРТАҚЫ ЖӘНЕ ОҚУ АҚЫСЫ

Оқу ордамыздың дипломы Қазақстан мен Түркияда бірдей салада білім беретін ЖОО дипломдарына және осыларға берілген құқықтар тең дәрежеде заңмен қамтамасыз етілген. Дайындық орталығындағы білім алу міндетті болып табылады және 1 академиялық оқу жылы бойы жүргізіледі. Тыңдаушыларға қазақ, түрік, ағылшын  және орыс  тілдерінде білім беріледі. Дайындық орталығы мен 1-курстың бірінші семестріне дейін айына шамамен 90 АҚШ доллар көлемінде теңге түрінде Қазақстан Республикасы тарапынан, 50 АҚШ доллар көлемінде теңге түрінде Түркия Республикасы тарапынан шәкіртақы беріледі. 
1-курстың 1-семестрінен бастап әр сабақтың бағасы кемінде 2,33 болса (4 балдық жүйе бойынша) студент шәкіртақысын алуын жалғастыра береді. Дайындық орталығынан басқа жоғарғы курс студенттері сессия кезінде шектік балдан төмен балл алып қалған жағдайда жол шығындары төленбейді, шәкіртақы алу құқығынан айрылғанымен, оқу ақысын төлемейді. 

АСХАНА

Бір уақытта 400 адамға тамақтана алатын студенттер асханасы заманауи технологиялармен жабдықталған. Студенттеріміз асханада кешенді түрдегі ас үшін орташа есеппен 1,5 - 2 АҚШ долларын төлейді.

ИНТЕРНЕТ

Оқу ордамыздың Түркістан кампусында wı-fı  бар. Студенттер байланыс тарайтын барлық жерден (жатақханада да) қиындықсыз интеренетке қосыла алады.

КІТАПХАНА

Мәдениет орталығына қарасты кітапхана қорында қазақ, түрік, орыс және батыс тілдерінде жарық көрген 568490 кітап бар. Интернет желісі қосылған, кітапхана қызметін күніне орташа есеппен 2500-3000 мыңдай студент кітапхананы пайдалана алады. Сонымен қатар, энциклопедиялар мен электронды кітаптар да бар. 

ДЕНСАУЛЫҚ, ЕМХАНА ҚЫЗМЕТТЕРІ

Студенттердің алғашқы медициналық тексерулері және ем қабылдайтын емхана 24 сағат бойы үздіксіз қызмет етеді. Клиникалық орталықта шұғыл жағдай кезінде дәрі-дәрмек студенттерге ақысыз беріледі.

Түркия Республикасы және түркі тілдес елдер мен қауымдастықтардан келетін білімгерлерге берілген орынның мемлекеттерге қарай бөлінісі

Түркі тілдес елдер мен қауымдастықтар

Бөлінген орын

1

Түркия

100

2

Әзербайжан

10

3

Түркіменстан

5

4

Қырғызстан

25

5

Өзбекстан

25

6

Өзбекстан (Қарақалпақстан)

5

7

Молдова

3

8

Қытай Халық Республикасы (Шыңжаң Ұйғыр автономиясы)

3

9

РФ (Дағыстан)

6

10

РФ (Кабардин-Балқар)

5

11

РФ (Карачай-Черкес)

2

12

РФ (Алтай)

2

13

РФ (Хакасия)

2

14

РФ (Тыва)

2

15

РФ (Башқұртстан)

5

16

РФ (Чубаш)

3

17

РФ (Саха)

16

18

РФ (Татарстан)

6

19

Моңғолия

3

20

Мажарстан

3

21

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы

5

22

Ресей Федерациясының басқа өңірлері

10

23

Басқа мемлекеттерден

4

Жалпы саны

250