Профессор-зерттеуші және қауымдастырылған профессор (доцент)-зерттеуші лауазымдарына конкурс өткізу туралы хабарлайды

  • 20.08.2024
  • KZ

Хабарландыру

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кемінде 1 жыл және 3 жылдан аспайтын мерзімге профессор-зерттеуші және қауымдастырылған профессор (доцент)-зерттеуші лауазымдарына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Профессор-зерттеуші (2 орын) және қауымдастырылған профессор (доцент) – зерттеуші (2 орын) лауазымдарына үміткерлер конкурстық комиссияға келесідей құжаттарды ұсынуы тиіс:

1. Конкурсқа қатысуға өтінім (қосымша №1);
2. Жеке куәлігінің көшірмесі;
2. Түйіндеме (қосымша №2);
3. Ғылыми-зерттеу жобасына өтінім (ғылыми конкурстарға ұсынылған немесе ұсынылатын өтінімдері туралы мәлімет); 
4. Үміткерлерге жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттама портфолио (дәйексөз базасынан алынған скрин-шоттар, шетелдік басылымдардағы жарияланымдардың көшірмелері және т.б.); 
5. Ғылыми дәреже, PhD дәрежесін алуды, ғылыми атақ беруді растайтын құжаттар; 
6. Ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі (Сенат немесе Ғылыми кеңес хатшысының қолымен расталған); 
7. Үміткердің біліктілігін растайтын қосымша құжаттар; 
8. Ұсыным хаттар;
9. Алдыңғы жұмыс орындарынан мінездеме;
Сондай-ақ:
10. Медициналық кітапша, флюрография;
11. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
12. Психоневрологиялық ұйымда еспке тұрмайтыны туралы анықтама;
13. Наркологиялық ұйымда есепте тұрмайтыны туралы анықтама.

Өтініш беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты – 2024 жылдың 20 тамыз сағат 18:00-ге дейін. Барлық құжаттар төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29, ректорат ғимараты, №401 (ішкі) бөлме, байланыс тел.: +7 (72533) 6-36-36 ішкі 16-12; e-mail: dinara.tolegenova@ayu.edu.kz

Ескерту: Құжаттардың толық пакетінің болмауы ізденушіні конкурстан шығаруға негіз болуы мүмкін. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды. Конкурстық комиссияның отырысы қосымша
хабарланады.

Конкурсқа қатысатын үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары

1. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы, профессор және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының (дәрежесі) болуы;
2. Бағытына сәйкес келетін кемінде 10 жылды (профессор-зерттеуші үшін) және кемінде 5 жылды (қауымдастырылған профессор (доцент)-зерттеуші үшін) құрайтын ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесінің болуы;
3. Ғылыми жетекші немесе зерттеу тобының мүшесі ретінде соңғы 5 жылда кемінде 1 (бір) іске асырылған немесе іске асырылып жатқан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру шеңберіндегі бағдарламаға (жобаға) не халықаралық жобаға қатысу тәжірибесінің болуы;
4. Соңғы 5 (бес) жылда және Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index Web of Science деректер базасында индекстелетін және (немесе) Scopus деректер базасындағы CiteScore бойынша процентилі 35 (отыз бес) кем емес (профессор-зерттеуші үшін), доцент-зерттеуші үшін процентілі кемінде 25 (жиырма бес) кем емес басылымда кемінде 3 (үш) мақаланың болуы; 
5. Хирш индексі кемінде 3 болуы;
6. Шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттарының (түрік немесе ағылшын тілі В2 сертификаты) болуы;
7. Scopus және (немесе) WoS мәліметтер базасында индекстелген халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда соңғы 3 жыл ішінде ғылыми жарияланымдарымен расталған белсенді зерттеу қызметінің тәжірибесі бар болуына қарай үміткерлер конкурсқа қатысуға шақырылады.

Профессор-зерттеушінің лауазымдық міндеттері:
1. Кафедрадағы ғылыми мектептердің қалыптасуы мен дамуына қатысады, білім, ғылым мен өндірістің интеграциясына негізделген ғылыми бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
2. Университеттің Академиялық саясатына сәйкес оқытылатын пән бойынша және/немесе оқытудың жекелеген түрлерінде оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізеді;
3. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, білім беру бағдарламалары мен оқу пәндерін құруға қатысады. Магистранттарға, докторанттарға ғылыми жетекшілік жүргізеді;
4. Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін кафедраның ғылыми бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу қызметі шеңберінде гранттық өтінімдерді дайындаудың бастамашылығын анықтайды және бюджеттен тыс қаражаттың тартылуын қамтамасыз етеді (ХҒТО, ЕО, Дүниежүзілік банк, МАГАТЭ, Ньютон, Әл-Фараби және SciVal FUNDING және басқалар арқылы қаржыландырылатын халықаралық ғылыми жобалар);
5. Университеттің стратегиялық даму жоспарына сәйкес іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді және жыл сайын оның нәтижелерін Scopus мәліметтер базасында индекстелген және кемінде 50 пайыздық және/немесе WoS мәліметтер базасында журналдарда жариялайды (Q1+ Q2 квартилдері) (жылына кемінде 4), ҚР ҒжЖБ министрлігінің Ғылым және жоғары білім  саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мақұлдаған ғылыми басылымдарда, сонымен қатар халықаралық мәліметтер базасында монографиялар мен патенттерді жариялайды (WoS, Scopus). Жыл сайын «Ясауи университетінің хабаршысы», «Түркология», «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабарлары (математика, физика, информатика сериясы)», «Eurasian Research Journal» ғылыми журналдарында жариялау үшін ағылшын тілінде мақалалар дайындауды (жылына кемінде 3) қамтамасыз етеді. Бұл ретте жарияланымдардың бағыты сәйкес болуы қажет және авторлық бірлестікте жарияланған мақалалардың 1-і ғана есеп ретінде ұсынуға рұқсат етіледі;
6. Зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне енгізуді ұйымдастырады, пәнаралық және заманауи әдістеме негізінде оқу пәндерінің мазмұны ғылымның, техниканың және өндірістің заманауи жетістіктеріне сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларының негізгі пәндері бойынша инновациялық оқулықтар әзірлейді;
7. Өндіріспен байланысты және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыруды қамтамасыз етеді;
8. Профессор-зерттеуші оқытушылық қызметпен айналысуға құқылы, бұл ретте педагогикалық жүктеме көлемі 0,5 штаттық бірліктен аспауы тиіс. Шарттық міндеттемелер мен жеке жоспары табысты аяқталған жағдайда (жоғары жарияланымдық белсенділік, жобалау жұмысына қатысу және өзге де көрсеткіштерді орындау) профессор-зерттеушінің еңбек шарты ұзартылуы мүмкін.

Қауымдастырылған профессор-зерттеушінің лауазымдық міндеттері: 
1. Кафедрадағы ғылыми мектептерді дамытуға қатысады, білім, ғылым мен инновацияның интеграциясына негізделген зерттеу бағдарламаларын әзірлейді және енгізеді;
2. Пәнаралық зерттеу мәселелерін анықтауға және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, білім беру бағдарламалары мен оқу пәндерін құруға қатысады;
3. Университеттің Академиялық саясатына сәйкес оқытылатын пән бойынша және/немесе жекелеген оқыту түрлері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізеді. Магистранттарға, докторанттарға ғылыми жетекшілік етеді;
4. Гранттық өтінімдерді дайындауға қатысады, республикалық және халықаралық конкурстарға (ХҒТО, ЕО, Дүниежүзілік банк, МАГАТЭ, Ньютон, Әл-Фараби және SciVal Funding арқылы қаржыландырылатын халықаралық ғылыми жобалар және басқалар) қатысу үшін кафедраның ғылыми бағыттары бойынша зерттеу қызметі шеңберінде бюджеттен тыс қаражатты тартуды қамтамасыз етеді;
5. Университеттің стратегиялық даму жоспарына сәйкес іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді; әлемдік басылымдардағы ғылыми зерттеулерді мақұлдайды (Scopus мәліметтер қорындағы монографиялар, халықаралық ғылыми конференциялар материалдарының ғылыми нәтижелері (Proceeding), халықаралық Scopus мәліметтер базасында индекстеледі), ғылыми әзірлемелердің коммерциялануын қамтамасыз етеді;
6. Жыл сайын өзінің ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін Scopus мәліметтер базасында индекстелген, процентилі кемінде 35 және/немесе WoS дерекқорында (Q2 + Q3 квартилдері) журналдарда жылына кемінде 3 мақала, ҚР ҒжЖБ министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мақұлдаған ғылыми журналдарда жариялайды, сонымен қатар монографиялар мен патенттерді халықаралық мәліметтер базасында (WoS, Scopus) жариялайды. Жыл сайын «Ясауи университетінің хабаршысы», «Түркология», «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабарлары (математика, физика, информатика сериясы)», «Eurasian Research Journal» ғылыми журналдарында ғылыми журналында жариялау үшін ағылшын тілінде мақалалар дайындауды (жылына кемінде 2) қамтамасыз етеді. Бұл ретте жарияланымдардың бағыты сәйкес болуы қажет және авторлық бірлестікте жарияланған мақалалардың 1-ін ғана есеп ретінде ұсынуға рұқсат етіледі;
7. Зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне енгізуді ұйымдастырады, пәнаралық және заманауи әдістеме негізінде мазмұнның ғылым, техника мен өндірістің жетістіктеріне сейкес келуін қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларының негізгі пәндері бойынша инновациялық оқулықтар әзірлейді;
8. Университеттің қауымдастырылған профессор (доцент)-зерттеуші лауазымына конкурс негізінде оқытушы және ғылыми қызметкер ретінде кемінде бір жыл және үш жылдан аспайтын мерзімге жасалатын еңбек шарты бойынша қабылданады. Қауымдастырылған профессор (доцент)-зерттеуші оқытушылық қызметпен айналысуға құқылы, бұл ретте педагогикалық жүктеме көлемі 0,5 штаттық бірліктен аспауы тиіс.

Қосымша 1

Қосымша 2