«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАҢАРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР» АТТЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

  • 30.05.2024
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызда «Түркі әлемінің жаңару кезеңіндегі интелектуалдық қозғалыстар» атты халықаралық симпозиумы өз мәресіне жетті.

Ғалымдардың басын қосқан іс-шара  университетіміз  бен Ван Юзүнджү Йыл университетінің бастамасымен, сондай-ақ, Түркістан облысы әкімдігі, Қырғыз-Түрік Манас университеті мен Анкара әлеуметтік ғылымдар университеттерінің қолдауымен өтті.

Симпозиумда: Түркістан, Астана, Ташкент, Ашхабат, Хиуа, Талас, Сырдария, Каспий, Өтүкен, Алтай секциялары мен онлайн секциялар жұмыс істеді.

Айтулы жиынға еліміз бен Түркия Республикасынан және басқа да түркітілдес мемлекеттерден ғалымдар мен оқытушы-профессорлар қатысты. Олардың қатарында Түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор, докторы Ислам Жеменей, Өзбекстан Ғылым академиясы Әли Шера Науаи мұражайының директоры Жаббор Ешенкул, Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясы Фольклор институтының директоры Мұхтар  Казымоулы-Иманов және т.б бар.

Секцияларда түрлі маңызды тақырыптар қозғалып, ғалымдар өз пікірлері мен зерттеулерін ортаға салды. Атап айтқанда: Түркі әлемінің жаңару кезеңіндегі ортақ терминология қалыптастыру мәселесі және тілдік мүмкіндіктер, Абай Мұрасы – Оқушының Тілдік Тұлғасын Қалыптастырудың Негізі, Түрікшілдік Осман империясындағы жаңару кезеңіндегі интеллектуалдық қозғалыс ретінде және Намық Кемал хаттарындағы түрік тілін қабылдау, Түркі Тілдеріндегі Фразеологизмдер Және Олардың Зерттелуі, Түркі тілдеріндегі сан компонентті фразеологизмдердің ұлттық танымдық сипаты (қазақ-түрік-қырғыз тілдері негізінде) сияқты т.б тақырыптармен толықты.

Осылайша түркі елдерінен жиылған зерттеушілер мен ғалымдар түркі әлемінің күн тәртібіндегі ортақ мәселелерінің шешімдерін іздеп, пікір алмасты. Түркі жұртшылығының мәдени мұрасы мен тарихы, өнері мен ғылымын саралап, ұсыныстары мен ой толғауларын жеткізді.