ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

  • 13.02.2024
  • KZ

image

Бүгін «Ясауитану» ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырумен «Ясауи хикметтеріндегі араб, парсы кірме сөздерінің мағыналық сипаты» атты ғылыми семинар өтті.

Шараға «Теология», «Экономика басқару және құқық» және «Филология» факультеттерінің басшылығы, оқытушы-профессор құрамы мен білім алушылары қатысты.

Семинар модераторы, әрі институт директоры Нұрлан Мансұров Қожа Ахмет Ясауидің еңбектеріндегі араб және парсы тілдерінің кірме сөздерінің орны мен түпкі мағынасы жайында баяндама жасады.

«Ясауи хикметтері араб және парсы тілдерінің өркендеп, дәуірлеп тұрған шағында дүниеге келді. Оның хикметтері – келер ұрпаққа берері мол қазына, сондай-ақ білім мен рухани тәлім алудың қайнар көзі ретінде танылатын туынды. Кірме араб, парсы сөздерінің орын алуы дінінің шарттары мен қағидаттарын ұғындыру мақсатында қолданады», — деді Нұрлан Мансұров.

Институт ұжымы «Пақырнама» еңбегіне жасалған қысқаша статистика нәтижесін ұсынды. Зерттеу бойынша 700-ге жуық сөзден тұратын еңбектің 365-ке жуығы араб тілінен, 210-нан астамы түркі-шағатай және 125-ке жуығы парсы тілдерінен енгені анықталды.

Сондай-ақ, филология ғылымдардың докторы, профессор Шәкір Ибраев және философия ғылымдарының докторы Досай Кенжетай қазіргі таңдағы Ясауи мұрасының маңызы жайлы ой қозғады.
Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты.