team
оқытушы Жапарова Лайла Бекзатхановна

Телефон:
Электрондық пошта:
laila.zhaparova@ayu.edu.kz
№:

Өмірбаян

Мен, Жапарова Лайла Бекзатхановна, 1963 жылы 11-ші қаңтарда Түркістан облысына қарасты Мақтарал ауылында дүниеге келіп, 1 жылдан соң әкем Бекзатхан Шадманов мектеп директоры болып Түркістанға көшіп келгенбіз. Түркістанда орта мектепті бітіріп, 1980-ші жылы Абай атындағы ҚазПИ, филология факультетінің Орыс-қазақ бөліміне оқуға түсіп, аталған жоғарғы оқу орнын 1985-ші жылы бітіріп, Ұлттық мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша диплом алдым.  1983-ші жылы КазГУ-дің Құқықтану бөлімінің студенті Жапаров Еркінмен отау құрдық. Ортақ екі қызымыз, төрт немереміз бар. Жұбайымның жанына 1985 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласына барып бала-бақшаға орналасып, 1989 жылы “Әлия” балалар комбинатының меңгеруші қызметін атқардым. 1994-ші жылы отбасылық жағдаймен Түркістан қаласына көшіп келіп, Қожа Ахмет Ясауй атындағы университетке Кадр бөлімінің басшысы ретінде орналастым. Сол жылдары ашылған Орыс тілі кафедрасына орыс тілі оқытушысы қызметіне ауысып 1996 жылы орыс тілінің жабылуына байланысты жұмыстан шықтым, 1999-шы жылы қайта кіріп университетте 2007-ші жылға дейін жұмыс істеп, денсаулығыма байланысты жұмыстан шығып кеттім.  2010-ші жылы Медколледжге кәсіби орыс тілінің оқытушы қызметін атқарып жүріп,  2017-ші жылы №24 Орта мектепке орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып ауыстым. 2019-шы жылы Қ.А.Ясауи атындағы университеттің шақыруымен Әлем тілдері (қазіргі Орыс тілі мен әдебиеті) кафедрасына орыс тілі оқытушысы қызметіне орналасып, осы күнге дейін жұмыс істеп жүрмін.  

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.