Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан, ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

Бабадан арман болған, атадан аманатқа қалған Тәуелсіздігімізге биыл мінекейін ширек ғасыр толуда. Ұлы отанымыз Қазақстанға 25 жыл! 2016 жылдың ең басты мейрамдарының бірі еліміздің әрбір аймағында, әрбір мекемесінде аталып өтуде десек қателеспеспіз. Солардың бірі болып Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінің «Адам морфологиясы және физиологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен желтоқсанның 13-ші жұлдызында өткен «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан, ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты кешті айтуға болады.

Кеш жүргізушілері: 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымыз туралы және батырларымыз хақында баяндап, айтып өтткеннен кейін, кешіміздің қонағы медицина факультетінің деканы м.ғ.к., доцент Жүнісов Мұрат Сағынәліұлы салихалы-саналы сөз сөйлеп кеешімізді ашып берді.

Напишите свой вопрос

 

    ×