❝Учение - это свет для сердца и свет для разума.❞
     Ахмед Ясави
team
Бельдибекова Алия Ташполатовна
Кандидат наук, ст. преподаватель
Телефон
Электронная почта
название здания
Ректорат
Подразделение
Кафедра журналистики
Номер кабинета
422

Биография

Өмірбаян          Бельдибекова Алия Тасболатқызы, 1977 жылы 1-қыркүйекте Түркістан қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Түркістан қаласындағы М.Мәметова атындағы №6 қазақ орта мектебіне 1-сыныпқа барып, 1994 жылы аталмыш мектепті Алтын медальмен аяқтаған. Сол жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Журналистика мамандығы бойынша оқуға қабылданып, 1998 жылы университетті Қызыл дипломмен тәмамдаған. 1998 жылы университеттің жіберуімен Түркия Республикасының Анкара қаласында Тіл  үйрену курсын аяқтап, «Заман» газетінде екі айлық өндірістік тәжірибеден өтті. 1998-2001 жж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік  университеті «Ясауи университеті» газетінің тілші-корректоры қызметін атқарды. 2000-2002 жж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Филология факультеті «Журналистика» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі берілді. 2002 жылы «Хабар» агенттігі жанынан ашылған Телевизия студия мектебінің курсын оқып, «Ақпарат хабарын жүргізуші» сертификатын алды. 2002-2005 жж. «Оңтүстік Қазақстан-ШТВ» телеарнасының Түркістан қаласындағы меншікті тілшісі қызметтерін қоса атқарды. 2001-2014 жж.   Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің баспасөз хатшысы, Халықпен қарым-қатынас секторының жетекшісі, PR медиа орталығының жетекшісі, Ақпарат секторының меңгерушісі қызметтерінде болды. 2009 жылдан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі2010 жылы         әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде кандидаттық диссертациясын қорғап, 10.01.10 – Журналистика мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.2003 жылдан  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Журналистика» мамандығы бойынша магистр оқытушы, аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. болып, 2020 ж. 27-наурыздан «Туризм және журналистика» кафедрасының меңгерушісі. 2020 жылдың 1-қыркүйегінен «Журналистика» кафедрасының меңгерушісі.          Отбасылы, төрт баланың анасы.   

Административные обязанности

Заведующий кафедрой
Департамент Кафедра журналистики
Kısa Bilgi Заведующий кафедрой, Кандидат наук, ст. преподаватель

Информация об обучении:

  • Международный казахско-турецкий университет имени Х.А.Ясави
    Бакалавр
  • Международный казахско-турецкий университет имени Х.А.Ясави
    Магистратура
  • Казахский Национальный университет имени Аль-Фараби
    Кандидат наук

Научные метрики

ORCID
ORCID ID 57203157148
Стажировка / Сертификат:
  • Big Data (2024 г.)
  • Working with the Media (2023 г.)