shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Кафедра тарихы және жалпы ақпарат

Орындаушылық өнер кафедрасының тарихы 1995 жылы ҚР Халық әртісі, профессор Р.Сейтметовтың қолдауымен, 0602 – Орындаушылық өнер, 060240 – Актерлік өнер мамандығынының ашылуымен басталды. Кафедра меңгерушісі болып профессор Р.Сейтметов тағайындалып, жан-жақтан білікті мамандарды дәріс беруге шақырды. Айтар болсақ, театр сыншысы ө.ғ.д, профессор Б.Құндақбаев, п.ғ.к., доцент А.Ш.Кужахметова, ө.ғ.к., доцент К.М.Сейтметов, ө.ғ.к., А.Жұмаш, Балетмейстер, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері М.Қ.Баубеков, п.ғ.к., аға оқытушы А.Куздеубаева,  Республикалық «Жас қанат - 95» ән байқауының дипломанты, сазгер А.Н.Дүйсенов секілді ұстаздар алғашқы дәрістерді бастап, шеберлік сыныбына белгілі актер ҚР Халық әртісі А.Әшімов, С.Оразбаев, Д.Тұранқұлова, театр сыншысы Ә.Сығай шақырылып отырды. Алғашқы шәкірттер 3 курстан бастап екі тілде спектакльдерді ойнай бастады. 1997 жылдан бастап гастрольдік сапарларға шығып Түркия мемлекетінің бірнеше қалаларына барып, Б.Вахапзаденің «Көк түріктер» тарихи драмасы мен С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» драмасын түрік тілінде сахналап қайтты. 2001 жылы Музыкалық білім, Дизайн мамандықтары қосылды. 2004 жылы Өнер факультетін құрып, Вокалдық өнер мамандығына арнайы Алматы қаласынан ҚР Халық әртісі, профессор Рахима Жубатурова мен Дәстүрлі музыка өнері мамандығына  ҚР Халық әртісі Қажыбек Бекбосынды шақырып, Бейнелеу өнері, Хореография, мамандықтары да ашылды.

 Кафедра меңгерушілері:

  • 1995-2004 ж.ж. кафедра меңгерушісі болып профессор Р.Сейтметов тағайындалды;
  • 2004-2006 ж.ж. «Өнер» факультеті болып құрылып, декан ө.ғ.к., доцент К.М.Сейтметов тағайындалды.