shape
shape

Деканның хабарламасы

Декан Хабарламасы

Құрметті білім алушылар!!!

Біз сіздерді екі туыс елдің бастамасымен ашылған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне шақырамыз. Ахмет Ясауи университетінің студенті атану – бұл үлкен мақтаныш, сонымен қатар жауапкершілік. Біздің университет еліміздегі шын мәнінде халықаралық статусқа ие бірден бір оқу орны және түрлі халықаралық рейтингтерде жылдан жылға жоғарылап келеді.   Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік  университеті барлық түркі мемлекеттерінің жастарын бір шаңырақ астында басын қосып, жоғары білікті мамандар даярлап отырған, ғылым және білім  беру кеңістігінде өзіндік орны бар беделді жоғары оқу орны. Бізді таңдау арқылы сіз сапалы білім ала отырып, үлкен өмірге жолдама аласыз, өз мансабыңызды құра отырып, табыс пен абыройға қол жеткізесіз.

Соңғы уақытта әлемдік деңгейдегі беделді сарапшылар алдағы он жылдықта әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарға сұраныс артатынын жиі айтуда. Себебі жұмыс берушілердің шығармашылық және сыни тұрғыда ойлай білетін мамандарға қажеттілігі бар және сондай құзыреттерге ие адамдарды іздейтін болады. Ал бұл дағдылар мен құзыреттерді сіздерге әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетіндегі барлық білім беру бағдарламалары береді. Біздің бағдарламаларымыз шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті мектепке дейінгі, бастауыш білім беру, педагогика және психология, отандық және дүние жүзілік тарих, журналистика бағыттары бойынша жоғары білікті мамандар даярлайтын аймақтағы негізгі орталық. Оқыту барысында шет тілдерін меңгеруге, сапалы білім беруге, өзге ұйымдармен тығыз байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінген. Факультет түлектері ғылым мен білім саласында, әкімшілік-мәдени жұмыста, ішкі істер жүйесінде, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінде үлкен сұранысқа ие. Республика мен аймақтың көрнекті саяси, қоғамдық, ғылыми қайраткерлерінің арасында біздің факультеттің түлектері жеткілікті. Факультет құрамындағы 4 кафедрадағы белгілі ғалымдар, тамаша педагогтар таңдаған мамандықтарыңызды жете меңгеруге және университет қауымдастығының бір мүшесі екеніңізді толық сезінуге көмектеседі. Біздің білікті ұстаздардан дәріс алу арқылы сіз өзіңіздің бұрын соңды білінбей жүрген ерекше қабілеттеріңіз бен дарыныңызды ашатын боласыз. позитивті үлгілерін қалыптастырасыз. Біздің факультетте білім ала отырып, сіз Қожа Ахмет Ясауидің рухани іліміне негізделген әлеуметтік өзгерістерге бейімделу дағдыларын үйреніп, мінез-құлықтың ең жоғарғы үлгісін қалыптастырасыз.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін таңдау арқылы Сізде, бізбен бірге өз жарқын болашағыңызды жасау мүмкіндігіңіз бар.

Философия ғылымдарының кандидаты, доцент Сұлтанмұрат Абжалов