Бағдарлама туралы:
- Жалпы мәліметтер
- Бағдарлама жетекшілері
- Зерттеушілер құрамы
- Халықаралық ынтымақтастық
- Консорциум
- Бағдарламаның нәтижелері
- Іс-шаралар
Жоба жетекшісі
Темірбекова Жанар Амангельдыевна – бас ғылыми қызметкер, э.ғ.к., Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры. Web of sciences H-index 3; i10: 2, h-index: 1 (Scopus), WOS Researcher ID: ECC-6253-2022, ORCID: 0000-0003-2543-975X, Scopus Author ID: 22235834000. Сілтемелер индексі: 235; The International Journal of Entrepreneurship and Innovation; African Journal оf Business and Management; Gaziantep University Journal of Social Sciences халықаралық академиялық журналдарында төреші; АҚШ-тағы Халықаралық Көшбасшылық Ұйымының мүшесі. Халықаралық аналитикалық орталық Тиллотома қорының құрметті мүшесі (Science and Education Policy Group). Халықаралық ғылыми журналдарда жарық көрген ғылыми мақалалардың, жалпы 40-тан астам ғылыми еңбектер мен бірнеше монографияның авторы.
Жобаны іске асырудың барлық мерзіміне қатысады (толық).
Жобадағы рөлі: жоба жетекшісі ретінде жұмыс атқарады, жобаның мерзімдері мен талаптарын бекітеді, жобаны ұйымдастырушылық кезеңдерге бөледі, жобалық және техникалық құжаттаманы жасайды, топ мүшелері арасында қызметтерді бөледі, ақпаратты сақтауды ұйымдастырады, орындаушылардың қызметін бақылайды.
Сәйкесінше зерттеуші жоба аясында өзінің ғылыми тәжірибесін және негізгі бағытына сәйкес дағдыларын қолданып жобаның сәтті аяқталуына әсер ететін болады.
Жобаның ғылыми жетекшісі
Ошибаева Айнаш Есимбековна – бас ғылыми қызметкер, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылым және стратегиялық даму жөніндегі вице-ректоры.
Ғылыми көрсеткіштері:
• h-index: 3
• WOS Researcher ID: ABG-2930–2020
• ORCID: 0000-0002-5655-5465
• Scopus Author ID: 57194618549
Жұмыс тәжірибесі:
• Денсаулық сақтау менеджменті, дәлелді медицина және шешім қабылдау әдістері саласындағы 3 оқу құралының авторы.
• Web of Science, Scopus дерекқорларында индекстелген, қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріне арналған 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы.
• Жақсы клиникалық тәжірибе (Good Clinical Practice/GCP) бойынша бірнеше оқыту курстарынан өткен.
• Халықаралық келісімшарттық зерттеу ұйымында көп орталықты клиникалық зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар.
• Медицина мен денсаулық сақтаудағы заманауи жетістіктерді талқылауға бағытталған журнал клубының тұрақты отырыстарын ұйымдастырушы және үйлестіруші.
Жобадағы рөлі:
• Жобаның бас ғылыми қызметкері ретінде жұмыс атқарады.
• Клиника базасында прогрессивті аспаптық диагностика орталығын құрады және іске қосады.
• Жобаның мерзімдері мен талаптарын бекітеді.
• Жобаны ұйымдастырушылық кезеңдерге бөледі.
• Жобалық және техникалық құжаттаманы әзірлейді.
• Топ мүшелері арасында қызметтерді бөледі.
• Ақпаратты сақтауды ұйымдастырады.
• Орындаушылардың қызметін бақылайды және оларға тапсырмалар бөледі.
• Зертханалық зерттеулерді үйлестіреді.
• Статистикалық талдаулар жүргізеді.
• Ғылыми мақалалар жазады және есептер дайындайды.
• Докторанттарға жетекшілік етеді.
Осылайша, бағдарламаның ғылыми жетекшісі жоба аясында өзінің ғылыми тәжірибесін және кәсіби дағдыларын пайдалана отырып, жобаның сәтті аяқталуына ықпал етеді.