Бағдарлама шеңберінде шетелдік жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық белсенді түрде дамытылуда. Бұл серіктестік ғылыми зерттеулерді кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, бағдарлама аясында мынадай беделді оқу орындары мен ғылыми орталықтармен байланыс орнатылған:

 Гази университеті, Медицина факультеті (Түркия) – медициналық зерттеулер мен клиникалық тәжірибені жетілдіру бағытында ынтымақтастық;

 GEN KÖK Genom ve Kök Hücre Орталығы (Түркия) – геномдық зерттеулер мен жасушалық биотехнология саласындағы бірлескен жұмыстар;

 Institute of Aquatic Ecology (Венгрия) – су экожүйелерін зерттеу және экологиялық тұрақтылық мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми зерттеулер;

 High-Performance Analytical Hub of the Centre for Agroecology, Water and Resilience, Coventry University (Англия) – агроэкология, су ресурстары және тұрақтылық мәселелері бойынша зерттеулер.

 Марбург университеті, Германия

 Макгил университеті, Канада

Осы ынтымақтастық аясында ғылыми зерттеулер жүргізу, зертханалық тәжірибелер алмасу, ғылыми кадрларды даярлау және бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру жоспарланған. Бұл серіктестік бағдарламаның ғылыми әлеуетін арттыруға және халықаралық деңгейде танылуына ықпал етеді.