ХАБАРЛАНДЫРУ

  • 01.04.2024
  • KZ

2024-2025 оқу жылына арналған ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасына бөлінген студенттер үшін жалпы 40 орын, оқытушылар үшін 30 орынға  құжат кабылдау басталғанын хабарлаймыз. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше университеттеріне 2024-2025 оқу жылының күзгі және көктемгі семестрлеріне бөлінген орындарға 1 семестр бойы оқығысы келетін бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша білім алушыларды, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамын конкурсқа қатысуға шақырамыз. 

Тіркелу 2024 жылдың сәуір айының 02-12 күндері аралығында. 

Қосымша сұрақтар бойынша: Ректорат, 418 кабинет.

Іріктеу емтиханы: 15-19 сәуір 2024.

Нәтижені жариялау және қажетті құжаттарды толтыру: 22-25 сәуір 2024. 

Қорытынды нәтижесін хабарлау: 20 мамыр 2024. 

Құжаттардың тізімі:

Студенттер үшін:

1) Транскрипт.

2) Сертификат В2, С1 деңгейінде (YUNUS EMRE, Лингвистикалық орталық сертификаты бар болған жағдайда емтиханнан босатылады).

Оқытушы-профессорлар құрамы үшін:

1) Сертификат В2, С1 деңгейінде (YUNUS EMRE, Лингвистикалық орталық сертификаты бар болған жағдайда емтиханнан босатылады).

Тіркелу талаптары:

Жалпы орташа үлгерім бағасының ең кемі 2,50-4,0 болуы керек;

Дайындық орталығында білім алушылар мен бітіруші курс білім алушылары бағдарламаға қатыса алмайды;

Білімгерлердің ұтқырлығы 1 немесе 2 академиялық кезең;

Оқытушылардың ұтқырлық мерзімі бір оқу жылы ішінде бір рет ғана ең аз дегенде 1 апта, ал ең көп дегенде бір семестр болады;

Оқытушылардың ұтқырлық бойынша атқаратын академиялық жұмыстары аптасына жалпы 6 сағаттан аз болмауы керек; 

Соңғы 3 жылда Орхун, Мәулана ұтқырлық бағдарламаларына қатыспаған болуы.